ӘРІПТЕСІМІЗ ТӨСБЕЛГІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

1  152 көрілім

Қоғамда болып жатқан барлық жағдайдан хабардар болып, ел ішіндегі келелі мәселелерге шынайы араласып отыратын тәуелсіз қоғамдық ұйым – білім кәсіподағы.

Елімізді алаңдатқан COVID-19 індетіне байланысты халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жаппай карантин жарияланғаны бәрімізге мәлім. Осы орайда білім мекемелеріндегі жұмыс уақытша тоқтатылып сабақтар онлайн режимінде өтті. Елді алаңдатқан кеселдің әріптестерімізге де оңай тимегені рас. Кәсіподақ мүшелеріне рухани демеу көрсету, моралдық бағыт-бағдар беріп, елдегі жағдаймен етене танысу үшін Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының төрайымы Айгүл Мұқашева және осы саланың құқықтық жұмыстары жөніндегі маманы Райхан Қыдырбаева, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Еркінбек Бахыт сала маманы Қилыбай Бақытжанмен бірге іс сапармен келіп, Түркістан қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрайымы Диана Турманова басқарып отырған ұжыммен, кәсіподақ белсенділерімен осы кәсіподақ комитетінің «Оқу әдістемелік орталығында» кездесті.

Білім саласында қызмет ететін кәсіподақ мүшелерімен бүгінгі таңда жасалынып жатқан жұмыс барысы талқыланды. Белсенді кәсіподақ мүшелерінің еңбегін бағалау мақсатында Айгүл Мұқашева Түркістан қаласындағы Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Бахтияр Абдураимовқа «Ы.Алтынсарин» төс белгісін табыстады. Айгүл Мақсатқызы өз сөзінде: «Ұстаздардың мәртебесін қорғауда аянбай еңбек етіп, кәсіподақ мүшелеріне жаңа қабылданған Заңдарды, Үкімет қабылдаған қаулыларды, шешімдерді дер кезінде ұстаздарға сауаттылықпен жеткізу, ғаламтор беттеріне жариялап белсенділік таныта білу ұстаздар үшін үлкен көмек» деп айта келе, кәсіподақтың барлық жетістіктерін, заңдылықтарын түсіндіруде өз сауаттылығын таныта білген Бахтияр Қахарұлының жас ұрпаққа саналы тәрбие, сапалы білім беруде де аянбай еңбек етіп жүргенін тілге тиек етті. Сонымен қатар, әрбір ұстаздың еңбегі бағалана беруіне салалық кәсіподақ қашанда ұйытқы болып, бақылаумен бірге басшылықты да күшейтетіндігін айтты.

Әріптесімізге тағылған төс белгі қалалық кәсіподақ комитеті үшін үлкен мақтаныш, зор сенім. Сеніміміз серік, бірлігіміз берік болсын, әріптестер.

М.КЕНЖЕБАЕВА,

Түркістан қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің маманы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы