ТҮРКІСТАНДА 1507 ОҚУШЫ АЛТЫН ҰЯСЫМЕН ҚОШТАСАДЫ

730 көрілім

Түркістанда 2019-2020 оқу жылында 1507 оқушы он бір жыл бойы білім алған мектебімен қоштасса, 32 мектептен 1150 түлек, оның ішінде:

– қазақ бөлімінде -778;

– орыс бөлімінде – 184 оқушы;

– өзбек бөлімінде – 188 оқушы ҰБТ-ге қатысады. Сынақты 965-і қазақ тілінде, 185-і орыс тілінде тапсырады.

Білім саласы бойынша қаланың абыройын арттырар «Алтын белгіге» үміткерлер саны – 114, ал 46 оқушы «Үздік аттестатқа» үміткер. 

11 сынып түлектерінің аттестаттары 3-4 маусымда тапсырылып, салтанатты түрде соңғы қоңырау соғылмақ. Ісшараны мектеп аумағында, ашық алаңда қонақтарсыз өткізу жоспарланған. Оған оқушылар сәнді киімсіз, тек мектеп формасын киіп қатысулары сұранады. Елдегі жағдайға байланысты санитарлық нормалардың да сақталуы қатаң қадағаланады. Сонымен қатар, салтанатты жиыннан соң мектеп аумағында ағаш отырғызып, жасыл қалаға айналдыруға оқушылар да атсалысады деп күтілуде.

Айта кетейік, 25 мамыр күні 11.00-де қала әкімі Рашид Аюпов жергілікті телеарна мен парақшаларымыз арқылы онлайн режимде соңғы қоңырау күнімен түлектерді құттықтайды.

Мәлімет: Түркістан қаласы әкімдігінің turakimat.gov.kz сайтынан алынды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы