Баршаңызды Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгін міне, айлардың төресі, қасиетті Рамазан айымен қоштасып, Ораза айтқа аман-есен жетіп отырмыз.
⠀
Мереке күні, тұрғындарға қолдау ретінде, жергілікті қоғамдық көлік тасымалдаушы “Жолаушы” ЖШС-і басшылығы да бір күндік тасымалдау қызметін тегін деп жариялап отыр.
⠀
Осындай жерлестерімнің арасында еліме қызмет ету мәртебесі болғанына қуаныштымын. Осы күнге дейін сабыр мен түсіністік танытып, қолдап келгендеріңізге алғыс білдіре, баршаңызға, жақындарыңызға береке-бірлік, тыныштық пен шаттық, мықты денсаулық тілеймін.
⠀
Келесі Рамазан айына аман-есен жетейік. Әумин!
Ізгі ниетпен, Түркістан қаласының әкімі Рашид АЮПОВ.
