МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

1  277 көрілім

21 мамыр – ҚР Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Осыған орай Түркістанда Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова осы сала мамандарын кәсіби мерекесімен құттықтады. Сондай-ақ Түркістан облысы бойынша мәдениет саласының дамуына елеулі үлес қосып жүрген майталмандарға министрліктің марапатын табыстады.

Оның ішінде Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің «МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ» төсбелгісімен облыстық мәдениет басқармасы мәдениет және өнер бөлімінің басшысы – Гүлнұр Советханқызы және де Карима Оралова, Омирбек Конысбеков, Алмагүл Индемесова марапатталды. Сонымен қатар, Ақтоты Рахметоллақызы Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрінің құрмет грамотасы мен алғыс хатын да өз қолымен табыстап, ақ тілегін арнады.

Аталмыш іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Сәкен Амангелдіұлы, облыстық мәдениет басқарамасы басшысының міндетін атқарушы Әзімхан Серікұлы және мәдениет қызметкерлері қатысты. Шара соңында айтыскер ақын, халықаралық, республикалық ақындар айтысының жеңімпазы Карима Оралова алғысын білдіріп, естелік суретке түсті.

Тұрсынай Шаметова,

“Оңтүстікфильм” мекемесінің редакторы.


Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы