ҚАЛААРАЛЫҚ ҚАТЫНАС ЖАСАМАҚ БОЛҒАНДАР АЙЫППҰЛҒА ІЛІНДІ

875 көрілім

Карантин режимі кезінде Түркістанда қалааралық қатынасқа рұқсат берілмеген. Заңсыздыққа – жол жоқ, деп хабарлайды «Yassy-tur.kz»  ақпарат агенттігі  Түркістан қаласы әкімдігінің turakimat.gov.kz сайтына сілтеме жасап.

Тұрғындар ақпараты бойынша, өзге қалаға тасымал жасамақ болған автобус белгілі болып, жауаптылар қозғалыс жасамақ болған автобусты тоқтатып, тосқауыл болды. Облыстық Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің соңғы Қаулысына сәйкес, өзге қалаларға тасымал жасауға рұқсат етілмеген. Алайда, талаптарға назар салмай, қызмет жасап жатқандар тұрғындар денсаулығына бей-жай қарамайтын азаматтар арқасында белгілі болуда.

Айта кетейік, қалада жұмысын жасап тұрған нысандарда санитариялық шараларды ұстану қатаң бақылауда. Шарттар орындалмаған жағдайда індетке шалдыққан азамат саны көбейіп, карантин режимінің созылу ықтималдылығы бар екенін хабарлаймыз.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы