Бүгін Түркістан қаласы әкімдігінде қалалық адами капиталды дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Некрасов атындағы №9 мектеп-гимназияның «Мектеп – білім ордасы» атты онлайн тәрбие сағаты өтті. Шараны мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Бейсекова оқу орынның 8 «а» сыныбының оқушыларымен өткізді. Алдымен А.Бейсекова сабақтың тақырыбы мен маңыздылығына тоқталып өтті.
Шара барысында қамтылған биыл республика, облыс, қала көлемінде қоғамдық маңызы бар бірқатар мерейтойлар жоспарланғаны айтылды. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауында азаматтық қоғамды нығайтуда еріктілердің орны ерекше екенін, сондықтан биылғы жылды «Еріктілер жылы» деп жарияланғаны тақырыпқа арқау болды.
Сонымен қатар, биыл Ұлы Абайдың туғанына 175 жыл, ұлы ұстаз Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерей тойлары, Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай, оқушылардың дайындаған сабақтары тыңдалды.

Жиынға қала әкімінің орынбасары М.Базарқұлов пен адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы А.Батырбекова және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Қуаныш ТАСЫБАЕВ.