КАРАНТИН КЕЗІНДЕ ҚАНДАЙ ШАРАЛАР КҮШІНДЕ ҚАЛАДЫ

809 көрілім

Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 10.05.2020ж. № 17 «Карантин іс-шараларын өзгерту туралы» Қаулысына сәйкес Түркістан облысының халқы арасында COVID-19 таралуына жол бермеу мақсатында 2020 жылдың 11 мамыры сағат 07.00-ден 2020 жылдың 25 мамыры сағат 07.00-ге дейін Қаулының №1,2 қосымшасына сәйкес, халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін автокөліктерді қоспағанда, азаматтардың Түркістан облысына кіріп шығуына тыйым салынады.

Облыс тұрғындарына халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін автокөліктерді (тамақ өнімдерін, дәрілік заттарды тасымалдайтын жүк және жеңіл көліктер, сондай-ақ мамандандырылған және қызметтік көліктер) қоспағанда, қала және аудан арасында жүруге шектеу қойылды.

Әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып, міндетті түрде бетперде киюмен жұмысқа шығу (жұмыс орнынан анықтама немесе қызметтік куәлік болған жағдайда), әлеуметтік қашықтықты сақтауға (2 метрден кем емес) аулаға шығуға (3 адамнан аспайтын топқа немесе бір отбасы мүшелеріне) жол беріледі.

Респираторлық инфекцияның алғашқы белгілері (түшкіру, жөтел және температура) пайда болған кезде, медициналық ұйымдарға бармай, жедел медициналық көмекті 103 нөмірі бойынша шақыру арқылы дереу медициналық көмекке жүгіну. Жерлеу іс-шараларын жүргізу кезінде кемінде 2 метр қашықтықты сақтай отырып 20-дан астам адамның (отбасы мүшелерінің) жиналуына жол берілмейді.

Ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізуге, ойын-сауық орталықтарының, кинотеатрлардың, театрлардың, көрмелердің, фитнес клубтардың және адамдар көп жиналатын басқа да объектілер, діни нысандардың қызметіне тыйым салынады.

Қоғамдық орындарда, өнеркәсіп аумақтарында, балалар алаңшаларында және басқа да нысандарда санитариялық және дезинфекциялық өңдеу жүргізіледі.

Аймақтандыру талаптарын және күшейтілген дезинфекциялық режимді сақтай отырып, медициналық орталықтар, стоматологиялық клиникалардың (кабинеттердің) жұмыс жасауы (жазылу бойынша) жолға қойылады.

Қаулының 4-қосымшасына сәйкес күшейтілген дезинфекциялық режимді сақтай отырып және жұмыс режимін уақытша шектеумен, азық-түлік базарлары жұмысын бастайды (сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін).

Сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін уақытша шектеумен күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, ауданы 500 шаршы метрге дейінгі азық-түлік емес дүкендердің жұмысы жолға қойылады.

Дезинфекциялық режимді сақтай отырып құрылыс дүкендерінің, оптика (дүкендер), гүл дүкендерінің, зоомагазиндердің адамдардың жиналуын және ұзақ әрі тығыз байланыста болуын болдырмайтын өзге де объектілер жұмысын бастайды.

Тәртіпті сақтай отырып, техникалық қызмет көрсету станцияларының, көлік жуулардың, шиномонтаждау, автосалондардың жұмысы (алдын ала жазылу бойынша, 5-қосымшаға сәйкес), бизнес орталықтарының (сақтандыру компаниялары, адвокаттың, нотариустың, бухгалтердің және консалтингтің, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктің және т.б. қызметтері) сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жалғасады.

Халыққа қызмет көрсету жөніндегі объектілердің жұмысы: қаулының 6-қосымшасына сәйкес, сандез. режимді сақтай отырып, жиналуды және ұзақ әрі тығыз қарым-қатынасты болдырмайтын баспаханалық қызметтер көрсететін нысандар, тігін ательелері, аяқ киім шеберханалары, киім жөндеу жөніндегі сервис, химиялық тазарту, кір жуу орындары және өзге де нысандардың жұмысы жанданады.

Халықтың тұруы бойынша қызмет көрсету саласындағы туризм объектілері мен ұйымдардың (қонақ үйлер, демалыс үйлері, туристік базалар және т. б.), көктемгі егіс жұмыстарына тартылған ұйымдар мен қызметкерлердің еңбек алгоритмін сақтай отырып жұмысы жолға қойылады.

Медициналық ұйымдарда, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік нысандарда, балалар үйлерінде, әлеуметтік оңалту орталықтарында, мүгедек балаларға арналған оқу орындарында, интернат үлгісіндегі карантин және санитариялық-дезинфекциялық режим сақталады.

Супермаркеттердің, базарлардың, жер үсті және жер асты жаяу жүргіншілер өткелдерінің, спорттық құралдар, балалар мен спорт алаңдарының, орындықтарды жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып өңдеу жүргізіледі. Мектепке дейінгі ұйымдардағы кезекші топтар осы қаулының 9-қосымшасына сәйкес күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, балаларды (екі ата-анасының немесе қамқоршыларының және асырап алушыларының жұмыс орнынан анықтаманы ұсынуы бойынша) қабылдау. Білім беру орталықтарының, үйірмелердің (жазылу бойынша) қызметкерлер мен балалардың денсаулық жағдайына бақылау жүргізумен (термометрия), ЖРВИ белгілері бар қызметкерлер мен балаларды шеттетумен, сондай-ақ күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, жұмыс жасау. Әлеуметтік қашықтықты және банкоматтардың, банктердің терминалдарының, POS-терминалдардың күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимін сақтай отырып, екінші деңгейдегі банктердің жұмысы жолға қойылады.

Тиісті аумақтардың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлері мобильдік топтармен бірге мониторингті және шектеу іс-шараларын сақтауды қамтамасыз етпейтін субъектілер мен объектілердің қызметін тоқтата тұру туралы шешімнің уақытылы қабылдануын қамтамасыз ететін болады.

«Қазпочта» АҚ әлеуметтік қашықтықты және күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, бөлімшелердің жұмысын, қызметкерлердің халыққа бір рет қолданылатын қолғаптар мен медициналық бетперделермен қызмет көрсетуін, банкоматтарды, банк терминалдарын, POS-терминалдарды жеке қорғау құралдарында (халат, медициналық маска, қолғаптар) почта хат-хабарларымен (хаттар, сәлемдемелер және т.б.) байланысты жұмыстарды жүргізуді қамтамасыз етуі қажет.

Құрметті Түркістан қаласы тұрғындары!

Карантиндік талаптар – Сіздердің денсаулықтарыңызды қамтамасыз ету үшін белгіленген. Талаптарға немқұрайлық танытпай, өздеріңіз және өздеріңізге жақын адамдардың мүддесі үшін жоғарыда аталған шараларды қатаң сақтауларыңызды сұранамыз.

М. БАЙТҮГЕЛОВ,

Түркістан қалалық ТКҚСҚБ басқармасы басшысы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы