ТАБИҒАТТЫ ӨРТТЕН ҚОРҒАЙЫҚ

1  413 көрілім

Түркістан қаласында күннен күнге көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүріп келеді. Қоршаған ортаны қорғау сіз бен біздің басты міндетіміз.

– Сөндірілмей кеткен алау, құрғақ шөпке немесе жапырақтарға тасталған сөндірілмеген сіріңке, темекі тұқылы осындай өрттердің шығуының бірден-бір себебі. Мұндай кездерде өрт ошағы елді мекендерден жүздеген шақырым қашықтықта болғандықтан, оның аумағы өте үлкен көлемді құрайды.

Табиғат аясында өрттерге жол бермеу мақсатында тыйым салынады:

– Орман, тоғай және дала алқаптарында сөндірілмеген сіріңке, темекі тұқылын, бықсығын шүберектер тастауға;

– Қалың ну арасында, ағаштардың түбінде егіс алқаптарының, ағаш қоймаларының маңына от жағуға;

– Орман, тоғай дала алқаптарында өздігінен өртенетін материалдар, жанар май сіңген шүберектер, шыны ыдыстар тастауға, себебі күн көзінен бұл заттар тез қызып, құрғақ шөптер өртене бастайды;

– Орман алаңдарына, бақшаларда, егістіктерде ағаштардың түбінде құрғақ шөптерді өртеуге;

– Қамысты өртеуге;

– Желді күні от жағып, оны қараусыз қалдыруға болмайды.

Р.ОРДАБЕК,

Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы, аға лейтенанты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы