ӨЗЕН ҚОҚЫСТАН ТАЗАРТЫЛУДА

877 көрілім

Түркістан облысында 13 мамырда жауған нөсер жауын салдарынан Төлеби, Бәйдібек және Қазығұрт аудандары тұрғындары айтарлықтай зардап шекті. Әсіресе Төлеби ауданының екі ауылында 77 үйді су басып, олардың тұрғындары мектеп пен колледж ғимараттарына орналастырылды.

Бүгінгі таңда ауданда толассыз жауған жаңбырдың салдарынан келген зардаптарды жойып, ретке келтіру жұмыстарына 400-ге тарта қызметкерлер жұмылдырылған. Ел басына түскен бұл қиыншылықты түсінген аудандық мәслихат депутаттары мен қоғамдық кеңес мүшелері де белсене атсалысып, Ленгір қаласындағы «Ленгерка» өзенін қоқыстан тазарту жұмыстарына кірісіп кетті.

Сауабы мол Рамазан айындағы бұл іс – нағыз адамгершілік үлгісін көрсетіп тұрғандай.

Райымжан ӘЛІБАЕВ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы