Түркістан облысы, Төлеби ауданындағы табиғи апатқа байланысты бірінші болып көмекке жеткен мақтааралдық және жетісулық жастар су тасқынынан зардап шеккен Ленгер қаласында болды.
Мұнда толассыз жауған нөсер жауынның әсерінен Төлеби ауданындағы өзендердің су деңгейі көтеріліп, салдарынан арық-атыздар мен қыр-сайларда жиналған жаңбыр суы 6 елді мекендегі 260 тұрғын үйдің ауласына су кірген.
Нөсер жауын салдарын көзімен көрген жастар жергілікті тұрғындарды сабырға шақырып, тазалық жұмыстарына көмектесті. Ел ағаларының батасын алып, зардап шеккен жандарға гуманитарлық көмектер көрсетті. Елдің ықыласына бөленіп, ақсақалдардың батасын алды.
Қашан да жақсылық жасаудан жалықпайтын мақтааралдық жастар өз аудандарында орын алған төтенше жағдайдан оң түйін шығарып, қашан да көмекке дайын екендіктерін көрсетті.
Бауыржан НАЙМАНОВ.
