БИБАРЫС “ТҮРКІСТАН БАРЫСЫ” АТАНДЫ

1  168 көрілім

Кеше қазақша күрестен Шардара қаласында өткен «Түркістан Барысы» турнирінде Бибарыс Әбдіғани жеңімпаз атанды. Облыс көлемінде қарсылас шақ келтірмеген Бибарыс енді «Қазақ Барысы» деген жарыс жолында Түркістан облысының атынан бақ сынайтын болады.

 Естеріңізде болса өткен жылы «Қазақ барысы» бәсекесіне алғаш рет қатысқан Бибарыс ең жас балуан болып еді. Енді биылғы жылы да ел біріншілігінде жас спортшылар қатарында кілем төріне көтерілмек.

Бибарыстың жеке бапкері әрі жанашыр ағасы, облыстық Әбдiсалан Нұрмаханов атындағы Олимпиада резервiнiң мамандандырылған балалар мен жасөспiрiмдер спорт мектебiнiң директоры Д.Тәңірбергенов: «Осы жылды сәтті бастаған Бибарыстың жетістіктері әлі алда деп сенеміз»,-дейді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы