- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Елбасының бұқаралық спортты дамыту жөніндегі тапсырмасы жер-жерлерде түрлі деңгейде іске асырылып жатқаны белгілі. Осы бағыттағы игі қадамдар Түркістан тұрғындарының арасында кең қолдауға ие болғанын аңғару қиын емес. Қазіргі күні бір мезгіл доп тебу үшін жеке ойын алаңдарына барып кешкі уақытты сұрасаңыз бос тұрған алаңды кезіктіру тіптен қиын. Демек, бұқараның спортқа деген ынтасы оның ішінде кіші футболға деген қызығушылық өте жоғары.
Соның айқын көрінісі таяуда түркістандық Дархан Джунисовтің демеушілігімен 18 команда бақ сынаған дүбірлі жарыс өтті. Ондағы мақсат дәл осы біздің тақырыбымызға арқау болған бұқаралық спортты дамыту.
«Спорттың осы түрі Түркістанда жақсы жолға қойылып келеді. Мәселен, сыныптастар, достар, бір көшенің бойындағы көршілер, ағайын-туыстар т.б. тұрақты түрде спорт алаңдарында бас қосып, доп ойнап тұрады. Осындай спортқа деген ықыласы жоғары азаматтар тұрғанда неге жарыс ұйымдастырмасқа деген оймен қаламыздағы өзім оқыған №5 Ғ.Мұратбаев атындағы жалпы орта мектебін әр жылы бітірген түлектердің басын қосып аталған жарысты ұйымдастырып отырмын. Осылайша жастар мен орта буын ағалар арасында достық қарым-қатынасты нығайту және салауатты өмір салтын насихаттауға септігімізді тигізсек деген мақсатпен өткізіп отырмыз»,- дейді жарыс ұйымдастырушысы Д.Джунисов.
Қорыта айтқанда, дархан жүректі дарханның мақсаты – ынтымақ пен салауаттылықты дәріптеу екеніне көз жеткіздік.
