Түркістандық боксшы Бек Нұрмағанбеттің жетістіктері жайлы бұдан алдын да газетімізде мақалалар мен сұхбаттар жарияланған болатын. Бектің тағы бір жеңісін қуанышпен дүйім жұртқа жеткізуді жөн санап отырмыз.
Жақында Таиландтың Бангкок қаласында өткен бокстан Азия чемпионатында 81 келіге дейінгі салмақта сынға түскен жерлесіміз Бек Нұрмағанбет алтыннан алқа тақты. Ол ақтық сында филиппиндік қарсыласы Джон Нобель Марвинді ұтып, құрлықтық бәсекенің чемпионы атанды. Бек өз сұхбатында аталмыш доданың әрбір кездесуінде қолдап-қуаттап, жанкүйер болғаны үшін барша қазақстандықтарға алғыс сезімін білдірді.
Еске сала кетейік, Бек Қазақстан ұлттық құрама команда сапына өткен жылдан бастап өнер көрсетіп келеді.
«Түркістан-ақпарат».



