Адамдар жаппай көп жиналатын орындардағы мерекелік немесе басқа да шараларды ұйымдастыру және өткізу кезінде:
– кемінде екі эвакуациялау жолымен қамтамасыз етілген, терезесінде торлары жоқ, екі қабаттан жоғары емес орналасқан үй-жайлар ғана пайдаланылады;
– электрлі гирляндтарының өрт қауіпсіздігіне сәйкестігі жөнінде сертификаты болуы қажет. Иллюминацияда ақау байқалған жағдайда (сымдардың күюі, шамдардың жыпылықтауы, ұшқын шығуы және т.б.) ол дереу сөндіріледі.
ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:
– доғал прожекторларды, майшамдарды, шартылдақтарды қолдануға және отшашулар мен басқа да өрт қауіпі әсері бар сәулелерді жасауға;
– қатарлар арасындағы өткелдердің енін кішірейтуге және өткелдерге кресло, орындық орналастыруға т.с.с.
Іс-шарларды өткізу кезінде жауапты тұлғалардан, ерікті өрт құралымдары құрамынан немесе іс-шараны өткізетін жауапты лауазымды тұлғадан сахнада және залда кезекшлік ұйымдастырылуы қажет. Ғимаратта көрінетін жерде өрт туындаған жағдайдағы көшіру жоспары ілініп тұруы және оған қоса адамдарға өртті хабарлау жүйесі қарастырылған болуы керек.
Адамдар жаппай көп жиналатын орындарда (50 және одан да көп адам) эвакуация жолында шығу бағытына қарай есіктер еркін ашылуы қажет, ашылуы өрт қауіпсіздігі бойынша нормативті құжаттар талаптарына сәйкес нормаланбаған есіктерді қоспағанда. Эвакуациялық шығу есіктеріндегі ілмектер ғимарат ішінен адамдар кілтсіз еркін аша алатындай қамтамасыз етілуі қажет.
Эвакуациялық шығу мен жолдарды пайдалануда тыйым салынады:
– эвакуациялық шығу мен жолдарды әртүрлі материалдармен, бұйымдармен, құрылғылармен, өндірістік қалдықтармен, қоқыстармен және басқа да заттармен бітеуге, эвакуациялық шығу есіктерін жауып тастауға;
– тамбур шығуларда киім кептіргіштер мен ілгіштерді, киім ілетін орындарды жайғастыруға, сонымен қатар, материалдар мен құрал-жабдықтарды сақтауға (уақытша болсада);
– безендіру үшін жанғыш материалдарды, қабырғалар мен төбелерді бояуға және қаптауды қолдануға (эвакуация жолындағы баспалдақ алаңы мен сатыларды қоса алғанда).
Адамдар жаппай көп жиналатын орындарда өртке қарсы жүйелер мен қондырғылары әрқашан жұмыс күйінде болуы қажет.
Әрбір азамат өртті анықтағанда немесе жанудың белгілерде (түтіндеу, түтін иісі, температура жоғарылауы) тез арада 101, 112 телефоны бойынша (нысан мекен-жайын, өрт пайда болу орынын және тегін атап) хабарлауы керек.
О.ҚЫРЫҚБАЕВ,
Түркістан қаласы төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері а.қ. аға лейтенанты.
