Көктем және жаз айларында барлығымыз сағына күткен суға шомылу кезеңі басталады десекте болады. Мұндай кезде суға түсуге қанша әуес болсақта, мамандар ескерткен ережелер мен сақтық шараларына барынша мән беріп, сақ болғанымыз жөн.
– Тек қана суға шомылу үшін бөлінген жағажайлар мен орындарды пайдаланыңыздар.
– Қоршау белгілерінен әрі бармаңыздар, тыйым салынған орындарда суға шомылмаңыздар.
– Ата-аналар және балалар мекемелерінің жетекшілері! Балалардың қадағалаусыз шомылуына жол бермеңіздер!
– Суға абайлап кіріңіз. Денеңіздің суға бейімделуіне мүмкіндік беріңіз.
– Өзіңізді қалтырауға дейін жеткізбей, 10-15 минутқа дейін ғана шомылыңыз.
– Аяқ-қолыңыз тартылған жағдайда – сасқалақтамаңыз, су бетінде қалуға тырысыңыз және көмекке шақырыңыз.
– Жүзе білмесеңіз, белден жоғары тереңдікке бармаңыз.
– Суға жалғыз шомылмауға тырысыңыз.
– Мас күйде суға шомылуға болмайды.
– Ағысқа түсіп кеткен жағдайда ағысқа қарсы жүзбеңіздер, ағынды жағаға жақындауға әрекет етіңіздер.
– Иірімге түсіп кетсеңіз, үрейге бой алдырмаңыз, терең дем алып, су астына сүңгіңіз де, ағыспен су бетіне шығыңыз.
– Суда тентектікке жол бермеңіз. Апат туралы жалған дабыл бермеңіздер. Бір-бірлеріңізден көз жазып қалмаңыздар.
– Қыздырылған күйі суға кіруге және тамақ іше салып суға түсуге болмайды.
– Егер өзіңізді нашар сезінсеңіз, суға шомылуды дереу тоқтатыңыз.
– Үлкен толқындар кезінде шомылмаңыздар және таныс емес орындарда суға секірмеңіздер. Қайықтан, айлақтан және басқа су құрылыстарынан сүңгімеңіздер.
– Жағажай жағалауларымен айдындарын ластамаңыздар. Өзіңізбен үй жануарларын әкелмеңіз.
– Шомылғанда автокөлік доңғалағын, тақташаны, допты, үрлемелі матрасты т.б. қолданбаңыздар.
Ж.ОРАЛБАЕВ,
Түркістан қаласы төтенше жағдайлар басқармасының инженері, а.қ. майоры.
