Мақтаарал ауданындағы орын алған төтенше жағдайға байланысты зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету мақсатында Отырар ауданынан гуманитарлық көмек жөнелтілді. Нақтырақ айтсақ, мақтааралдықтардың басына түскен нәубетке бей-жай қарай алмаған отырарлықтар күріш, шекер, макарон, пісте май, ұн, тұз, картоп, пияз, сәбіз және киім-кешек пен басқа да тұрғындарға қажетті заттарды жүк көліктеріне тиеп, мақтааралдықтарға жеткізді.
Осындай қиын-қыстау кезеңде елмен бірге екендіктерін көрсетіп, қолдау білдірген отырарлық азаматтардың қатарында аудандық мәслихат депутаттары мен аудан кәсіпкерлері және белсенді жастар да бар.
Қасиетті Рамазан айындағы қайырлы істер мұнымен тоқтап қалмақ емес. Алдағы уақытта да жалғасын табатын болады,-дейді отырарлықтар.
Ләззат САРЫБАЕВА.
