БӘЙДІБЕКТІКТЕР МАҚТААРАЛДЫҚТАРҒА КӨМЕК ЖІБЕРДІ

619 көрілім

Су тасқынынан зардап шеккен мақтааралдықтарға бәйдібектіктер де көмек қолын созуда. Аталған оқиға орын алған күннен бастап Бәйдібек аудандық Жастар сарайында гуманитарлық көмек жинау орталығы ашылды. «Біз қиын уақытта өз бірлігімізді көрсетуіміз керекпіз», – деген.

Бәйдібек ауданының тұрғындары мақтааралдықтармен бірге екендіктерін білдіруде. Аталған игі шараға аудандық мәслихат депутаттары, кәсіпкерлік палатасының аудандық филиалы мен жеке кәсіпкерлер, мемлекеттік мекемелер, еріктілер және жекелеген азаматтар да атсалысып, азық-түліктер әкелді.

Бәйдібек ауданы, Шаян ауылынан гуманитарлық көмек ретінде 7 мың дана бетперде мен гигиеналық заттар, 4 тонна азық-түлік, 10 бас қой еті артылған автокөлік су тасқынынан зардап шеккен Мақтаарал ауданына жіберілді. Бәйдібек ауданының халқы мақтааралдықтармен бірге!

Ләззат САРЫБАЕВА.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы