ЕҢБЕК ЕРТЕ ЕСЕЙТКЕН АРДАГЕР

1  280 көрілім

Міне, бүгін фащизм басқыншыларына қарсы соғыста жеңіске жеткенімізге 75 жыл болып отыр. Бұл соғыс әлемнің көптеген елдері қатысқан бұрын соңды болмаған үлкен сұрапыл соғыс атанды. Осы майданда фащистердің ең ауыр соққысына төтеп беріп, Жеңістің негізін қалаған Кеңестер Одағы болды.

Сол Кеңестер Одағы әскерлерінің қатарында біздің қазақстандық жауынгерлері де ерлікпен шайқаса білді. Осы кезде елімізден 1 миллион 366 мың жауынгерлер майданға аттанды. Соның ішінде Панфилов дивизиясы, Бауыржан Момышұлының бастауымен Мәскеуді азат етуде айрықша ерлігімен көзге түсті. Фащизмнің ордасы болған Берлиндегі Рейхстагқа ту тіккендердің бірі жерлесіміз Рахымжан Қошқарбаев. Сол сияқты еліміздің қаншама ұл-қыздары батырлығымен көзге түсе білді. Жерлестеріміз түркістандық 4 азамат Кеңес одағының Батыры деген жоғарғы атаққа лайық деп танылды. (Олар Құрбанбай Рысбеков, Абдулла Үсенов, Расул Есетов, Файзулла Юлдашев) Сонымен қатар, тыл еңбеккерлерінің Жеңіске қосқан үлесін айрықша атап өтуіміз қажет. Себебі соғысқа дайындалған 10 оқтың 7-уін біздің қазақстандықтар жөнелтіп отырды.

Майдан кезінде тылда еңбек еткен ардагерлеріміздің ерен еңбектері қаншама. Солардың бірі бүгінгі біздің кейіпкеріміз соғыс өрті тұтанған тұста 12 жаста болып, тылда еңбек еткен ардагер Мырзахан Омаров болмақ. Ол 1929 жылы мамыр айында Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан ауданы, Сауран селсоветіне қарасты Шорнақ ауылында шаруа жанұясында дүниеге келген. Әкесі Омар Байзақов колхозда жұмыс жасаса, анасы Жәмила Есжанова үй шаруасымен айналысқан. Мырзахан Омаров Ұлы Отан соғысы басталған жылы небәрі 12 жасында әкесіне көмектесіп, колхоздың жұмысына араласқан. Сол отты 1941-1946 жылдары аралығында колхоздың малын бағып, ауыр кезеңдерді басынан өткерген. Жеңісті жақындатуға күш салған ардагерлеріміздің бірі әрі бірегейі.

Бейбіт өмірде Мырзахан Омаров 1946-1948 жылдары Түркістан қаласында теміржол училищесін бітіріп, 1948-1951 жылдары Арыс станциясының локомотив депосында паровоз мешинисті болып алғашқы еңбек жолын бастайды. 1951-1954 жылдары Кеңес Армиясындағы атты әскер қатарында әскери борышын өтеген. 1954-1967 жылдары Арыс станциясының локомотив депосында тепловоз машинисті болып еңбек етті.
1967-1984 жылдары Түркістан депосында локомотив қабылдаушысы, 1963-1967 жылдары аралығында ҚазССР депутаты болған. 1968 жылы Ташкент теміржол институтының «Тепловоз шаруашылығының инженер-механигі» мамандығы бойынша тәмамдаған. Теміржол саласында ұзақ жылдар мінсіз қызмет етіп, 1984 жылы зейнетке шыққан. Тылда еткен еңбегі үшін Ұлы Жеңістің 60, 65, 70 жылдық мерекелік медальдарымен және «Облысқа еңбек сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталған.

Мырзахан Омаров ағамыз жұбайы Жамила Байменовамен 1974 жылы отбасын құрып, 3 ұл, 5 қыз тәрбиелеп өсірген. Бүгінде олардан 15 немере, 7 шөбере сүйіп отырған бақытты шаңырақ иесі. Осындау мерейлі де мерекелі күні тыл ардагері Мырзахан Омаровты Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерекесімен құттықтай отырып, оған зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, шаңырағына шаттық, отбасына амандық пен береке тілейміз.

P.S. Міне, бізге Жеңіс осындай жолмен келді. Сол үшін біз ата-бабаларымыздың ерлігін мақтан етуіміз керек. Жеңіске өз үлесін қосқан батырларымызды әрқашан жадымызда ұстауға тиіспіз. Олардың рухына мың тағзым! Ұлы Отан соғысындағы қаһармандық Жеңіске биыл 75 жыл толды. Бұл жеңіс бізге жиырма миллион адамның қанымен, тірілердің табан ет, маңдай терімен келген. Жылжып уақыт, жылдар өтсе де, қазақ халқының тари¬хында Ұлы Отан соғысының iзi мәңгi өш¬пейдi. Жеңiс үшiн қанша адам отбасын тастап, соғысқа аттан¬ды. Бойларын рух пен намыс кернеген абзал аза¬маттар ел басына күн туған, ауыр кезде от пен оқтың орта¬сында жүрiп, Отан үшiн отқа түстi. Қанша азап тартса да, келер күннен үмiт үзбей, жеңiске, азаттыққа ұм¬тыл¬ды. Келер ұрпақ мұндай зобалаңды көрмесін деп тілейік.

Қуаныш ТАСЫБАЕВ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы