ЖҮЛДЕ ҚОРЫМЫЗ ЕСЕЛЕНІП КЕЛЕДІ

1  012 көрілім

Жақында Германия мемлекетінің Гамбург қаласында таэквондодан (WT) «GERMAN OPEN – G1» Халықаралық рейтингтік турнирі өз мәресіне жетті. Онда қаламыздағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спортшысы Таңжұлдыз Тұрымбетова (жаттықтырушылары М.Баймаханов пен Р.Жыңғылбаев) да қатысып, жүлделі ІІІ орынды иеленді. Әлемнің 70 мемлекетінен қатысқан мықтылар додасында 42 келі салмақ дәрежесінде бағын сынаған жерлесіміздің алар асуы әлі алда.

* * *

Шардара қаласында суицидке қарсы айлық аясында таэквондодан (WT) балалар, кадеттер, жеткіншектер арасындағы «Шардара кубогы – 2019» жарысында қаламыздың атынан барған таэквондошыларымыз үмітімізді ақтады. Онға жуық командалар қатысқан облыс біріншілігіне тас түйін дайындықпен барған жерлестеріміз 12 алтын, 5 күміс, 6 қоланы еншілеп, жалпыкомандалық есепте І орынды иеленді.

* * *

Теміртау қаласында волейболдан қыздар арасында Қазақстан Республикасы чемпионаты аяқталды. Онда Түркістан облысы құрама командасы сапында балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спортшысы Қарақат Дүйсенбай (жаттықтырушылары М.Божбанбаев пен Е.Тулеков) да команданың жүлделі орынға ие болуына лайықты үлесін қосты. Айтар болсақ, облысымыздың намысын қорғаған бұрымдыларымыз ел біріншілігінде ойдағыдай өнер көрсетіп, ІІІ орынды иеленді. Жерлестеріміздің жүлделері құтты болсын!

Р.ӘЛІБАЕВ,

«Түркістан».

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы