Елбасымыздың биылғы жылды «Жастар жылы» деп жариялауына орай қаламыздағы су спорт кешенінде Түркістан қаласының Құрметті азаматы, қазақша күрес, самбо және дзюдодан Қазақстан Республикасы біріншілігінің бірнеше дүркін жеңімпазы және жүлдегері, 2002-2003 жылдары самбо күресінен әлем біріншілігінің қола жүлдегері, киелі өңір спортының дамуына сүбелі үлесін қосқан спорт жанашыры Ерқанат Тәңірбергеновты еске алуға арналған жасөспірімдер арасында дәстүрлі ашық біріншілік басталды. Жарысқа облысымыздың аймақтарынан 140-тан аса жас спортшылар қатысуда. Жарыс қорытындысы жайлы мәліметті газетіміздің алдағы санында жариялайтын боламыз.
Р.ӘЛІБАЕВ,




