ТҮРКІСТАНДА ЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР МӘРЕГЕ ЖЕТТІ

1  158 көрілім

Түркістан қаласында шағын футболдан бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері арасында «Жаңарған Түркістан» республикалық турнирі алғаш рет ұйымдастырылды. Жарыстың мақсаты – жұртшылықты бұқаралық спортқа баулу, журналистер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, Түркістанды спорт орталығы ретінде дамыту. Сонымен бірге жаңа облыс орталығы – Түркістанның оң имиджін қалыптастыру көзделген.

Дүбірлі бәсеке қарсаңында республикамыздағы беделді телеарналар мен басылымдардың журналистеріне өңірдегі киелі орындар мен кәсіпорындарға пресс-тур ұйымдастырылды. БАҚ өкілдері Түркістан қаласындағы құрылыс нысандарын да аралап көрді. Сонымен бірге, Олимпиада чемпионы Бекзат Саттарханов атындағы халықаралық бокс турнирінің финалдық бәсекелерін тамашалады.

Алғаш рет өткізіліп отырған «Жаңарған Түркістан» республикалық турниріне Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен БҚО, Жамбыл, Қызылорда, Алматы, СҚО және Түркістан облысының журналистерінен құралған командалар қатысып, өзара додаға түсіп, кіл мықтыларды анықтады.

Сонымен қаладағы «Астана» спорт кешенінде өткен тартысты жарыста өзгелерден оқ бойы оза шауып, бірінші орынды Қызылорда облысы иеленсе, жүлделі екінші және үшінші орындарды Жамбыл облысы мен Алматы қаласының командалары өзара бөлісті. Жеңімпаз командаларға ақшалай сертифаттар, дипломдар мен медальдар және арнайы кубоктар тапсырылды. Бірінші орынға – 500 мың, екінші орынға – 300 мың, ал, үшінші орынға – 150 мың теңге, сонымен қатар, турнирдің үздік қақпашысы, шабуылшысы, қорғаушысы және ең мықты ойыншылары марапатталып, 3 ойыншыға О.Жарылғапов, Ә.Нұрмаханов және Б.Саттарханов атындағы арнайы жүлделер тапсырылды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы