ДОСТЫҚ МЕРЕКЕСІ

2  477 көрілім

Кез-келген мемлекет үшін қоғамдық келісімнің маңыздылығы ерекше рөл атқарады. Осы тұрғыдан алғанда елімізде татулық пен тұрақтылыққа баса мән беріліп келеді.

Жыл сайын 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесінде елімізді мекен еткен 130-дан астам этнос өкілдері киелі қара шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын тойлайды. Өкінішке орай биыл ынтымақ пен бірлік мерекесі әлемді жаулаған індетке байланысты кейінге шегеріліп отыр.

Еліміз әрқашан қиын кезеңдерде ауызбіршіліктің жоғары үлгісін көрсетіп, мызғымас ел екендігін дәлелдеп келген. Халқымызда «Қосылғанның – қолы ұзын, қос керуеннің – жолы ұзын» деген қанатты сөз бар. Ендеше еліміз өткінші қиындықты еңсеріп, әлі бұрынғы бейбіт күніміздің бақытты күндерін көреді деген нық сенімдемін.

Бүгінде облыс орталығы мәртебесіне ие болған қаламыз нағыз өркендеу, өсу дәуірін кешуде. Біз де славян этносы өкілдері қаламыздың қарыштап дамуына сүбелі үлесімізді қосып келеміз, алда да қоса беретін де боламыз. Бірлігіміз жарасып, еліміз тыныш болып, татулықта, бейбіт өмірде күн кешу нәсіп етсін. Барша жерлестерімді достық пен бірлік мерекесімен құттықтап, шаңырақтарына шаттық, отбасыларына амандық тілеймін.

Ирина ЧЕГАНОВА,

қалалық славян этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы