ТАТУЛЫҒЫ ЖАРАСҚАН ЕЛ

1  109 көрілім

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мекересі. Бүгінгі мереке – қоғамымыздың ең үлкен күші байлығы және болашағы – бірлік мерекесі. Тәтті татулығы мен ынтымағы жарасқан мемлекетіміздің рухани орталығы саналатын Түркістанда 30-дан астам ұлт өкілдері жақсы өмір сүруде. Олардың сүйген Отаны біреу – ол тәуелсіз Қазақстан.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы, Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы міндеттерді орындап, халыққа үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жатқан ірі қоғамдық бірлестік болып саналады.

Қала көлеміндегі үлкенді кішілі іс-шараларды өткізіп, жоғарыда аталған Елбасы қойған міндеттерінің іс жүзінде орындалуына өз үлесін қосып келеді. Бүгін біз еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері туралы мақтанышпен айтамыз. Экономикалық, әлеуметтік дамудың негізгі көрсеткіштері мен халықтың тұрмыс деңгейі бойынша Қазақстан бүгінде ТМД елдері арасында көшбасшылық орында тұр және жоғары қарқынмен дамуын жалғастырып келеді.

Бүгінде барша әлемнің назарын аударған коронавирус індетін жұқтырғандар елімізде де саны күн санап артып келеді. Әлемдік деңгейде үлкен ауқым алған бұл жаңа вирустың әлі күнге дейін емі табылар емес. Осы бір қауіпті індет әлемді шарпыған шақта халықтың бірлігі мен ауызбіршілігінің жоғары болуы – еліміздің тұрақтылығын қамтамасыз етіп қана қоймай, ел болып еңсеруімізге мұқалмас күш-жігер береді.

Бірлігі бекем елді жау тұрмақ, жұқпалы індетте жайпай алмасы анық. «Бірлік болмай, тірлік болмас» деп қазыналы ой қалдырған ата-бабамыз қашанда «бір жағадан бас, бір жеңнен қол» шығарып, татулықты бойтұмары еткен. Ендеше ортақ мерекемен барша жерлестерімді құттықтаймын!

Яша ИДРИСОВ,

Түркістан қалалық түрік мәдени орталығы ақсақалдар алқасының төрағасы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы