- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Қазақстан – көпұлтты мемлекет. Мұнда 130 – дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері тату күн кешуде. Тамыры тереңге жайылған татулық тірегінің ордасына айналған Қазақ елінің бірлігі тарқаған емес. Соның бірден бір дәлелі, 1 мамыр бірлік күнін айтар едім. Қазақта «Бірлік болмай тірлік болмас»- деген дана сөз өте орынды айтылған.
Бүгінде Күншығыс елінен басталған вирус әлемді шарпып барады. Осыған орай, елімізде төтенше жағдай режимі енгізілгені белгілі. Қаламызда да індет ошағы анықталып, карантинге жабылды. Бұл баршамызға түскен сынақ және осы қиын кезеңді жауапкершілігіміз бен ынтымағымыздың арқасында жеңе аламыз дегім келеді.
Биылғы жоспарланған шараларымыз карантин мерзімі өткеннен кейін көпшілікпен бірге жүзеге асатындығына сенімдімін. Қазіргі таңда этно-мәдени бірлестік жұмысына белсенділік танытып, атсалысып жатқан жерлестерімізге ризашылық білдіріп, өзгелер де үлгі алса деймін. Мереке құтты болсын ағайын!
Бахадыр ИРСМЕТОВ,
Түркістан қалалық өзбек этно-мәдени бірлестігінің төрағасы.