ОҚУ АҚЫСЫН КЕЙІНГЕ ШЕГЕРУГЕ МҮМКІНДІК БАР

837 көрілім

Қашықтықтан жұмыс істеуді жүйелі қоя білген Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ басшылығы күн құрғатпай онлайн кездесулер өткізіп келеді. Соның ішінде сейсенбі күні аталмыш оқу ордасының ректоры Б.С.Абдрасилов белсенді студенттермен онлайн режимде кездесу өткізді.

Болатбек Серікбайұлы кездесу барысында білім алушыларға алдағы сессия, қашықтықтан тапсырылатын емтихан түрлері, оқу төлемақысын кейінге шегеру мүмкіндігі туралы ақпарат берді. Студенттердің бастамасымен білім алушылар арасында өткізілген сауалнама нәтижелерін талқылады.

Емтихандарды ұйымдастыру кезінде студенттердің ой-пікірлерінің міндетті түрде ескерілетінін айтты. Сонымен қатар, оқушылар мен студенттердің цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында студенттер арасынан цифрлік еріктілер (волонтер) тобын құру мәселесі қарастырылды.

Айта кетсек, қазіргі төтенше жағдайға байланысты оқу орнының басшысы студенттермен бірнеше рет онлайн жүздесті. Бұл жүздесу білімгерлер тарапынан қолдау тауып отыр.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы