- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Айтпай келген зауалға,
Кім түседі араша.
Бұған қандай дауа бар,
Ауаменен тараса.
Адамды кеуеп оқ ұшқан,
Кем болмай тұр соғыстан.
Жояр мұны әлемдік,
Ақыл-амал тоғысқан!
Сақтанғайсың сақ болып,
Қашып жүріп қоқыстан.
Күреспесең бел буып,
Өзі кетпес оқыстан.
Көзге ілінер жау емес,
Айқайға салар «Бол, аттан».
Солдаттардай болдың-ау,
Шықпай жатқан «окоптан».
Қыс өтпестен көктем жоқ,
Тоңдырмай қыс та өткен жоқ.
Халық үшін «қан жұтқан»,
Үкіметке өкпе жоқ!
Өзің үшін ойлансаң,
Өзгені де ойласаң.
Бұл күндері жөн емес,
Тойлағанды қоймасаң.
Бір кінәға мың айып,
Тақса, бүгін лайық.
Тәртіптен үлкен ешкім жоқ,
Тағы аз күн шыдайық!
Нұрмахан НАЗАРОВ,
ақын.