ЕЛ БІРЛІГІ АРТА БЕРСІН!

1  340 көрілім

Барша түркістандықтарды 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – ынтымағы тұрмысына ырыс, та­тулығы бірлігіне тыныс бір­тұтас еліміздің ортақ мей­ра­мы. Халық бірлігі – қасиетті сөз. Халық бірлігі болған жерде несібеміз бен құт-берекеміз ортақ. Сондықтан біз туған жерімізбен және жерлестеріміздің ынтымағымен мақтанайық дегім келеді.

Баршамызға белгілі биыл «Қазақстан халқы Ассамблеясының» құрылғанына 25 жыл. Бүкіл түркі жұрты қасиет тұтқан Түркістан халқы үшін әрбірімізге үлкен жауапкершілік жүктейді. Сондықтан біз бүгінгі күнге дейін сақтап келген ауызбіршілігіміз бен ынтымағымызды одан әрі арттыра түсуіміз керек. Ел басына күн туған қилы замандарда да халқымызды ұлт ретінде сақтап қалған осы ынтымағымыз бен бір-бірімізге деген бауырмалдығымыз. Осы орайда, біз бүгінгідей мерекеміз арқылы қазақстандықтардың патриоттық сезімдерін көтеріп, тәуелсіздігімізді мақтанышпен насихаттауымыз керек. Өйткені, еліміздің тәуелсіздік жылдарында болашақты болжай білетін Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың көреген саясатының арқасында көптеген жетістіктерге қол жеткіздік.

Осы тұрғыдан қарағанда әрбір бастамамыздың қостаушысы бола білетін 46 ұлттың өкілі мекендеген қасиетті өлкемізде ынтымақ пен татулық нығая береді. Дана халқымыз «Бірлік бар жерде – тірлік бар» дегендей, біз бүгінге дейін атқарған жұмыстарымызбен қатар, алдағы уақытта ауқымды тірліктер атқаруды жоспарлап отырмыз. Қаламызды одан әрі абаттандыру мақсатында, кешенді жобаларды кезең-кезеңімен іске асыратын болады.

Біздің бірлесіп еңбек етіп, бейбітшілік пен достықта өмір сүруіміздің арқасында кездескен қиындықтар ешқандай да кедергі бола алмайды. Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы одан әрі жалғасып, қашанда ынтымағымыз мәңгі жасай берсін! Осы орайда, баршаңызды тағы да бірлік мерекесімен шын жүректен құттықтай отырып, жалпы түркістандықтарға зор денсаулық, отбасыларына құт-береке, бақыт тілеймін. Бірлігіміз бекем болсын ардақты жерлестер!

Әбдіхан ӘБДІҚАДЫРОВ,

Түркістан қалалық «Қоғамдық келісім» кеңесінің төрағасы, Түркістан қаласының Құрметті азаматы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы