ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНДА ЖИЫРМАДАН АСТАМ КОМАНДА БАҚ СЫНАУДА

943 көрілім

Түркістанда «Жастар жылына» орай 2004-2005, 2006-2007 жылдары туылған жасөспірім қыздар арасында баскетболдан Қазақстан Республикасының чемпионаты жалауын желбіретті. Жарыстың ашылуында сөз алған ҚР-ның мемлекеттік жаттықтырушысы И.Сергеевич, облыстық спорт басқармасының ұйымдастыру бөлімі басшысы Б.Нұрманов, қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Қ.Айдарбеков құттықтау сөз сөйлеп, спортшыларға сәттілік тіледі. 
5 сәуір күні өз мәресіне жететін додада жалпы саны 25 команда бақ сынауда. 500-ден астам спортшының басын қосқан ел біріншілігі киелі шаһарда тұңғыш рет өткізіліп отырғандығын айта кеткен жөн. 
Мықтылар арасындағы тартысты ойынның қорытындысы бойынша мәліметтерді қосымша назарларыңызға ұсынатын боламыз. 
Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы