ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙТІЛУДЕ

1  251 көрілім

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың елімізде коронавирус індетінің тез таралуына байланысты төтенше жағдайы режимі кезіндегі карантин мерзімін 11 мамырға дейін ұзарту туралы шешім қабылдады. Осыған орай, Түркістан облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 17.04.2020 жыл №13 қаулысына сәйкес Түркістан облысы, Ордабасы ауданында залалсыздандыру шаралары күшейтілуде.

Қазіргі таңда Ордабасы ауданы бойынша коронавирус індетін жұқтырған 8 адам анықталды. Олар Бадам ауыл округі, Дербес ауылы, Қажымұқан және Төрткүл ауыл округтерінен шыққан.
Анықталған ауылдарда күшейтілген түрде дезинфекциялық залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде.

Аудандағы карантинге жабылған ауылдардағы үйлердің аулаларын аудан әкімінің ұйымдастыруымен «Мал дәрігерлік қызметі» МКК күн сайын химиялық өңдеу шаралары карантин аяқталғанша мақсатты түрде жүргізіледі. Сонымен қатар, аудандағы ауыл округ тұрғындарына сақтық шараларын қатаң сақтау мақсатында түсіндіру жұмыстары күнделікті дыбыс күшейткіш құрылғы арқылы жүзеге асырылуда.

Қуаныш ТАСЫБАЕВ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы