- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Әлем елдерінің үрейін туғызып, әбігерге салған Covid19 коронавирус індетінің тез таралуын алдын алу мақсатында қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, Ордабасы ауданында қала және ауданаралық 4, ауыларалық 18 блок-бекеттер құрылған.
Қазіргі таңда блок-бекеттердегі полиция мен медицина қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Тәулік бойы тынымсыз жұмыс істейтін бекеттерде полиция қызметкерлері мен медицина саласының мамандары әрбір көлікті тоқтатып, арнайы құрылғымен азаматтардың дене қызуларын өлшеп, бәрі де тіркеуге алынып, қатаң тексерістен өтуде.
Сонымен қатар, аудан аумағында қалааралық жолаушылар тасымалдау, автобекеттердің қызметі тоқтатылып, ауыларалық көлік қатынасы шектелді.
Блок-бекеттерден тіркеуден өткен әрбір азаматқа қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, көпшілік орындардан оқшаулану, санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтап, бетперделермен жүру керектігі түсіндірілуде.
Қ.Тасыбаев.