ТӨЛЕБИЛІК КӘСІПКЕРЛЕР САУАПҚА КЕНЕЛДІ

736 көрілім

Әлем жұртшылығын әбігерге салған коронавирус індеті жай қарапайым отбасыларға оңай соқпай отырғаны белгілі. Осындай қиын кезеңде қолұшын берген жомарт жандар «Біз біргеміз» акциясы аясында қайырымдылық шараларын өткізуге кірісіп те кетті.

Төлебилік кәсіпкер Амангелді Нуров басшылық жасайтын «Бейбарс и К» ЖШС және Қуаныш Ешенқұл қоры 75 отбасыға 20 мың теңгеден қаржылай көмек беріп, Рамазан айында сауапқа кенелді. «Осындай шақта ауылдастарымызға қолдау көрсету – біздің азаматтық парызымыз»,- дейді кәсіпкерлер.

Сауабы мол, рухани жаңғыру айында әлеуметтік көмекке ие болған отбасылар қолұшын созған демеушілерге алғыстарын білдірді.

Райымжан ӘЛІБАЕВ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы