Түркістан қаласы әкімі Рашид Аюповтың үндеуі

889 көрілім

Құрметті қала тұрғындары!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының бүгінгі үндеуіне сәйкес төтенше жағдай кезеңі 11 мамырға дейін ұзартылды.

Бұған қоса, карантин кезеңінде Түркістан қаласында кіріп шығу және ішкі қозғалыс үшін рұқсатнама алу тізіміне саяжайға бару және тұрғын үйден 150 м радиуста серуендеу мүмкіндіктері қосылды.

Нақтырақ айтқанда:
серуендеу мүмкіндігін тіркелу барысында дүкен/дәріханаға бару мүмкіндігі санатында таңдай аласыз. Серуенге таңғы алты мен түнгі онға дейін рұқсат етіле, бір сағаттық шектеу қойылған. Жеке куәлігіңізді ала шығуды, арақашықтықты сақтауды және үш адамнан артық жиналмауды ұмытпағайсыздар. Басқа үйге қонаққа баруға және ертеректе жарияланған шараларды бұзуға болмайды.

Саяжайға баруға жұма-жексенбі күндері сағат 06/00-10/00 және сағат 17/00-19/00 аралығында рұқсат етілген. Ол үшін алдын ала онлайн тіркелу барысында: шығатын мекенжайды, баратын мекенжайды, көлік мәліметтерін, меншік иесі құқын растайтын құжатты жазуыңыз қажет. Саяжай иесі меншіктік құқын растайтын құжатты өзімен ала жүруге міндетті.

Бір көлік ішінде, жүргізушіні қосқанда, адам саны 3-тен аспау керек. Әр жолаушы мінетін көлік мәліметтерін көрсете отыра, онлайн бөлек тіркеледі. Әр бірінің жеке куәлігі болуы және бетперде тағуы қатаң қадағаланады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы