ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫСЫ ҚАМҚОРЛЫҚ КӨРСЕТУДЕ

950 көрілім

Әлемдегі қазіргі карантиндік режимге байланысты ел аумағының барлық аудан-қалаларында жүргізіліп жатқан “BIZBIRGEMIZ” акциясы Жетісай ауданына қарасты кент, ауылдық округтерде жалғасын тауып келеді. Осыған орай Түркістан облысы, Жетісай аудандық мәслихат хатшысы Әлихан Утановтың демеушілігімен Асықата кентіндегі әлеуметтік қолдауды қажет ететін аз қамтылған 50 отбасының шаңырағына қайырымдылық жасалды.

Негізгі мақсаты елдегі төтенше жағдай кезінде әлжуаз отбасылар санатына жататын әлеуметтік көмекке мұқтаж жандарға қолұшын созып, оларға мүмкіндігінше жағдай жасау, күнкөріс деңгейін жақсартып, кедейлік шегінен шығуларына ықпал ету, карантиндік режимде азық-түліктен қиналмауларына көмектесу болып табылатын шараға бұған дейін де жергілікті қалталы кәсіпкерлер демеушілік жасаған болатын.

Осыған орай халық қалаулысы, «Nur Otan» партиясының мүшесі Әлихан Айдарханұлы босағасын аттаған отбасыларға картоп, пияз, ұн мен май, қант пен шай, макарон, күріш, тәттілермен бірге сабын, сабынсу (шапунь), кір ұнтағын үлестірді.

Тек қамқорлық көрсетіп қана қоймай әрбір шаңырақтың қажеттіліктері мен мұң-мұқтажына құлақ түрген депутат айтылған өтініш-тілектер бойынша алдағы уақыттарда тиісті органдармен жұмыс жүргізетінін айтты.

Бауыржан НАЙМАНОВ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы