ӘЛЕККЕ ТҮСІРГЕН ТІРКЕУ ЖҮЙЕСІ

856 көрілім

Түркістандағы онлайн тіркелу жүйесі қала халқы үшін тосыннан болып, әбігерге түсіргені рас. Кейбір тұрғындар тіркелгені мен қажет болған жағдайда себебін дәлелдейтін құжаттарын өзімен алып шықпаған. Ал полиция қызметкерлері болса енгізілген жүйенің байыбына бармастан тұрғындарға шектеулер қойды. Қазіргі уақытта екі жаққа да қосымша түсініктеме беріліп, нақты нұсқаулықтар бойынша жұмыс жасау керектігі түсіндірілді.

Бұл жайында қала басшысы Рашид Аюпов:
«Құрметті жерлестер! Естеріңізге сала кетейін, онлайн мәлімет жіберген бойда, күніне бір рет шығуға құқылысыз. Бірақ, шектеулі уақыт аралығында және міндетті түрде құжаттарыңыз жаныңызда болуы шартымен. Біз сіздерге сенеміз. Мына заманда, себепсіз жүре қоймас деген сенім болғандықтан тіркелу процесі автоматтандырылған. Алайда бейғам жүретін адамдар да бар. Олар бүкіл қоғамға қауіп төндіріп тұрғандарын әлі де сезінбейтін болар. Сондай кісілердің санын азайту мақсатында тексеру жұмыстары күшейтілген.

Тіркеліңіз. Себебіңізді дәлелдейтін құжатыңызды алыңыз, шығыңыз. Аман есен жетіп, уақытылы оралыңыз. Бар сұрайтыным осы.

Осы екі ортада, тіркелген бола тұра, әлі де уақытыңыз бола тұра, құжатыңыз да дұрыс, көрсеткен болсаңыз да полиция қызметкері кедергі жасайтын болса дәл сол сәтте бірыңғай телефон желісіне (8-725-33 5-91-87) немесе WhatsApp(8-702 032 57 32, 8-708-281-56-41, 8-708-281-56-42, 8-708-281-56-43) нөмірлерінің біріне хабар беріңіз. Мүмкіндігінше, жағдайдың мән-жайын анықтап, сіздерге қолғабыс етуге даярмыз. Аман болайық!»-деді.

Арайлым МЕЙРАМХАНҚЫЗЫ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы