ОТЫРАР АУДАНЫНДА АУМАҚТЫҚ ӘСКЕР ЖАСАҚТАЛДЫ

821 көрілім

Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты әскери міндеттілерді арнайы жиынға шақыру жөніндегі Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, Түркістан облысы, Отырар ауданында аумақтық әскер жасақталды. Негізгі мақсаты – халықтың қауіпсіздігі мен денсаулығын қорғау және қамтамасыз ету.

Отырар ауданының әкімі Әбдіғали Жүнісов: «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әскери міндеттілерді арнаулы жиындарға шақыру туралы қаулыға қол қойған болатын. Осыған байланысты Түркістан облысы әкімдігінің 13.04.2020 жылғы №93 қаулысына сәйкес 2020 жылғы 20 сәуір-19 мамыр аралығында 103 аумақтық қорғаныс бригадасының ауданда жасақталған 12 әскери міндеттілері елді мекендерде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында полиция қызметкерлерімен бірлесіп, рейдтік іс-шараларға қатысуға шақырылып отыр. Осы орайда Сіздерге еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін табандылықпен, Отанға деген сүйіспеншілікпен үлкен жауапкершілікті арқалап, қиын кезеңдерде елмен бірге болуға ерікті түрде ниет білдіргендеріңіз үшін шынайы алғысымды білдіремін» -деп, сын-сағатта арнайы жасақталған сарбаздардың жұмысына сәттілік тіледі.

Айта кету керек, арнайы жасақталған сарбаздар қажетті киім мен ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Жұмысы бар еріктілердің лауызымы мен айлық жалақысы сақталады. Сарбаздар аудандағы карантин режимін қамтамасыз ету шаралары аясында көшелерде жаяу патрульдеуге және аудандағы кіре беріс жолдардың бойына қойылған блокбекеттерде қызмет атқарып, залалсыздандыру жұмыстарына қатысатын болады.

Ләззат САРЫБАЕВА.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы