Түркістан облысында «Бек» ЖШС-ның тарифібекітілді

314 көрілім

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментіне «Бек» ЖШС-ның бәсекелес кірме жолы болмаған жағдайда, жылжымалы құрамның өтуі үшін кірме жолды беру қызметіне тариф және тарифтік сметаның бекітуге арналған өтінімі келіп түсті.

Өтінім оңайлатылған тәртіппен ұсынылды, онда субъектінің орташа жобалық тарифі вагон-км үшін ҚҚС-сыз 275 616,98  теңгені құрады.

ТМРКД 2023 жылғы 31 шілдеде «Бек» ЖШС-ның басшысының және тұтынушылардың қатысуымен өткен жария тыңдауда айтылған пікірлер мен ұсыныстарды ескере отырып, монополист субъектінің өтінімін қарау қорытындысы бойынша, орташа тарифті вагон-км үшін ҚҚС-сыз 11 673,75 теңгеге немесе ұсынылған мөлшерден вагоно-км үшін 263 943,23 (немесе 95,76 %) теңгеге төмендетумен бекіту туралы шешім қабылдады.

Аталған тариф «Бек» серіктестігінің тұтынушылары үшін қолданылады.

Тариф 2023 жылғы 1 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы