МАҚТААРАЛДА ІНДЕТКЕ ҚАРСЫ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДІ

934 көрілім

Қазіргі таңда бүкіл әлемді алаңдатып отырған коронавирус індетінің күннен-күнге өршіп отырғаны баршамызға аян. Күншығыс елінен басталған бұл вирус қазіргі таңда жарты жаһанды жаулап отыр. Барлық жағдайды ескере отырып, біздің елде де төтенше жағдай жаряланды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елді дүрлікпеуге шақырып, ауруды жұқтырмаудың алдын алу керектігін де ескертті.

Осыған байланысты Мақтаарал ауданының орталығы Мырзакет кентінде адамдар көп шоғырланатын базарлар мен дүкендерде, халыққа қызмет көрсету орталықтары мен квазимемлекеттік мекемелерде аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ қызметкерлері мен орталық жанынан құрылған ерікті жастар тобы, аудандық «Мырзакент орталық ауруханасы» дәрігерлері бірлесе отырып аудан тұрғындарына короновирустың алдың алу, болдырмау мақсатында үнпарақшалар таратып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар, ҚР-ның Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 12.03.2020 жылғы “Қазақстан Республикасында пандемия кезеңі – коронавирустық инфекцияның әкелінуі мен таралуына жол бермеу жөніндегі шараларды күшейту туралы” қаулысының орындалуына бақылау жүргізу мақсатында Мақтаарал ауданында іс-шаралар (мерекелік, коцерттік) өткізетін аудандық мәдениет үйі және балалар ойнайтын сауда, ойын-сауық орталық комплекстері жабылып, жұмыстарын тоқтатты.

Бауыржан НАЙМАНОВ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы