Аудан әкімінің шешімімен құрылған жұмысшы топ мүшелері аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Ф.Ташимова, аудандық статистика басқарама басшысы М.Шамшидинова, аудандық кірістер басқарма басшысының орынбасары М.Сағымбеков және Ордабасы АПБ-нің жергілікті полиция қызметкері Б.Махамбет аса маңызды азық-түлік тауарларына баға саясатын тұрақтандыру мақсатында, бірқатар сауда дүкендерін аралады.
Сауда орындарының иелеріне және базарда сауда жасап отырған кәсіпкерлерге доллар бағамының өсуін тағы басқа да себептерін алға тартып, қадағалауға алынған 19 түрлі әлеуметтік аса маңызды азық-түлік өнімдерінің бағасын бөлшек саудада негізсіз өсіруге болмайтындығы бойынша ескертілді.
Сонымен қатар, елімізде орын алып отырған төтенше жағдайға байланысты, санитарлық қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында сауда орындарын, азық-түлік дүкендерін, қоғамдық тамақтану орындарының санитарлық және дезинфекция шараларын жасау бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Қуаныш ТАСЫБАЕВ.