АУДАНДА КЕПІЛДЕНДІРІЛГЕН ӘЛЕУМЕТТІК ТОПТАМА ТАРАТЫЛА БАСТАДЫ

1  167 көрілім

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған «Cындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауында ашықтықты, әділеттікті және еңбекке ынталандыруды қамтамасыз ете отырып, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау тетігін түзетуді тапсырған болатын. Осыған байланысты Үкімет әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа механизмдерін енгізді. Мемлекеттен берілетін әлеуметтік көмектердің бірі – кепілдендірілген әлеуметтік топтама.

Бүгін Түркістан облысы, Жетісай ауданына қарасты Атамекен және Мақталы ауылдық округтерінде атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларға тиісті топтамалар таратылды.

Үкіметтен бекітілген әлеуметтік топтаманың ауыл азаматтарына толық жетуіне жауапты “Шапағат нұры” ЖШС қаңтар-ақпан айларына аудандағы 1-6 жас аралығындағы 1026 балаға гигиеналық заттар топтамасын, 1-3 жас аралығындағы 438 балаға және 3-6 жас аралығындағы 588 балаға азық-түлік топтамаларын тарататын болады.

Айта кетейік, аудан бойынша кепілдендірілген әлеуметтік топтамаға өтініш білдірген 1007 отбасының бүгінде 695-і мақұлданған. Қалғаны қаралу үстінде.

Бауыржан НАЙМАНОВ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы