САРЫАҒАШТА КОНСТИТУЦИЯ КҮНІ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АТАЛЫП ӨТТІ

134 көрілім

Бүгін аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған салтанатты жиын өтті.

Салтанатты іс шараға аудан әкімі Арман Абдуллаев тұрғындарды айтулы мерекемен құттықтады.

-Сіздерді еліміздің ата заңы – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Конституция – заң үстемдігінің берік орнап, қоғамның ілгері дамуына қызмет ететін айрықша құжат. Ата заңды ардақтау – болашаққа батыл қадам басқан егемен еліміздегі әрбір азаматтың асыл парызы. Президентіміз ел дамуы үшін мәні зор саяси реформалар жариялап, Жаңа Қазақстан идеясын өмірге әкелді. Оның өзегі – әділдік пен заң үстемдігі. Конституция Тәуелсіздігіміздің кепілі ретінде бірлігімізді бекемдеп, экономикамызды нығайтуда, әлеуметтің әлеуетін арттыруда берік тұтқаға айналды. Мемлекетіміз үшін аса маңызды мерекеде баршаңызға денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілеймін! Тәуелсіз еліміз өркендей берсін!-деді аудан әкімі Арман Абдуллаев.

Бұдан бөлек салтанатты шарада «Өнерлі өлке» фестивальінде жүлделі орын алғаны үшін арнайы алғыс хат, сонымен қатар азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында жан-жақты ізденіспен жұмыс жасап, қоғамдағы саяси тұрақтылықты, татулық пен бірлікті қамтамасыз етуде табыс биігінен көрінген бірқатар азаматтар облыс әкімінің және аудан әкімінің «Алғыс хаттарымен» марапатталды.

Сонымен бірге,іс-шарада алғашқы мемлекеттік қызметке орналасқан жас мамандардың ант беру рәсімі болды.

Ата заңның қасиеті мен маңыздылығы дәріптелген салатанатты іс -шарада отаншылдық тақырыбындағы патриоттық әндер шырқалып, көрермен назарына ұсынылды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы