ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖЕЛКЕНДІ ҚАЙЫҚ ҚҰРАМАСЫ ҚАЗАҚСТАН КУБОГІН ЖЕҢІП АЛДЫ

453 көрілім

Қонаев қаласындағы Қапшағай су қоймасында 22-30 маусым аралығында желкенді қайық шеберлерері арасында Қазақстан кубогі сарапқа салынды. Апта бойына созылған дүбірлі додада түркістандық желкеншілер толағай табысқа жетті. Тартысты өткен жарыста жерлестеріміз Қазақстан кубогі мен қоса түрлі номинациялар бойынша 15 медальді қанжығалады.

Біздің шабандоздарымыздың басты бәсекелестері Алматы облысының спортшылары екінші орын алса, үшінші орынға Қарағанды ​​облысының яхташылары жайғасты.

8 – алтын медаль мен Қазақстан кубогіның чемпионы атанған су спорты бойынша Түркістан облыстық су спорт түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері қатарында мынадай спортшылар бар.

Атап айтқанда: Вакуленко Александр мен Данкова Анастасия 470 яхта сайысында топ жарды. Ал, Жанғазов Тимур, Чуриков Анатолий, Рожанский Богдан, Абдурахман Заңғар, Чехомов Әлішер, Богдаев Артёмдар бар өнерлерін көрсетіп, өңіріміздің мерейін үстем етті. Жарыс қорытындысы бойынша 19-27 қыркүйек аралығында Ханчжоу қаласында (Қытай) өтетін Жазғы Азия ойындарына «470» яхталар класы бойынша командамыздың көшбасшысы Александр Вакуленко өңіріміздің намысын қорғайтын болды.

Спортшыларымыздың сәтті өнер көрсетуі үшін жаттықтырушылардың да атқаратын үлесі орасан. Осы орайда Түркістан облысы мен Шымкент қаласының ескек есу және желкен спорты қауымдастығының бастамасымен Қазақстандық үздік мамандардың бірі, Азия чемпионы, желкенді спорттан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Руслан Жанғазов командамен жұмыс істеуге тартылды. Түркістан облысының жастар құрамасы 20-28 шілде аралығында Қапшағай су қоймасында өтетін Қазақстан чемпионатына дайындықты бастады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы