ШЫҒЫС МОНШАСЫ ЖАЙЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

158 көрілім

Республикалық маңызы ескерткіш. Кесененің оңтүстік-батыс бетінен 80 метр қашықтықта жартылай жер астына орналасқан.  Археологтардың  зерттеуі бойынша монша 1580-1590жж. Абдулла хан тұсында кесенеге зиярат етіп келуші көпшілік қауымға арналып салынған. Моншаның жалпы көлемі 17х15 метр, биіктігі 4,8 метр, кірпіштерінің көлемі түгел біркелкі-25х25х5 см. 1975 жылға дейін жергілікті  халық  монша ретінде пайдаланып келген. Монша жартылай жерасты, бес күмбезді, қабырғалары күйген кірпіштен тұрғызылған. Әр түрлі кезеңде, әр түрлі мақсатта пайдаланылған тоғыз бөлмеден тұрады: жуыну бөлмесі, ыстық, салқын су бөлмелері, массаж т.б. бөлмелер. 1979 жылы орта ғасырлық сәулет өнерінің керемет үлгісін болашаққа сақтау мақсатында мұражайға айналдырылды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы