ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАУ ЖҮЙЕЛІ ТҮРДЕ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

307 көрілім

          Бүгін «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының мәжіліс залында келелі кеңес өтті. Аталған жиынға «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасының міндетін атқарушы Қалыйма Жантореева және партия жанындағы жастарды қолдау бойынша кеңестің төрағасы Ханай Аширбеков қатысты.  Алғашқы отырыс барысында   күн тәртібінде қаралатын  2 мәселе бойынша Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бахыт Ахымбетов және жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшы орынбасары Нұржан Нұрашев баяндама жасады.  Сәйкесінше, қатысушы кеңес мүшелерінің пікірі тыңдалып, арнайы хаттама түзілді. Сонымен қатар, биылғы жылға арналған жұмыс жоспары бекітіліп, қосымша ұсыныстар жазбаша берілді.

Түркістан облысы бойынша 2023 – 2027 жылдарға «Халықпен бірге!» Сайлауалды бағдарламасының «Сапалы жұмыс орындарын құру» және «Жастарға арналған мүмкіндіктер» бағыттарын іске асыруды көздеген бұл кеңес  алдағы уақытта жастарға арналған барлық бағыттар бойынша тиімді ұсыныстар жасамақ. Айта кетейік, кеңес құрамы Партия мүшелерінен, облыстық және аудандық, қалалық мәслихат депутаттарынан, бейінді қоғамдық бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйым мүшелерінен және бұқаралық ақпарат құралдары, білім, денсаулық, спорт, мәдениет саласының өкілдерінен жасақталған.

Бұл алғашқы отырыста кеңес мүшелері өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салып, алдағы уақытта жастардың түрлі санаттары бойынша күрмеуі көп істерді шешуге күш салатындарын жеткізді. Бүгінгі таңда жастардың басым көпшілігін қамтитын «Жасыл ел» еңбек топтары мен «Жастар практикасы» жобалары бойынша толық мәліметтер нақты әрі дұрыс болуын қадағалау басты назарда болатыны да кеңес мүшелерінің тарапынан қолдауға ие болды.

Аталған жиын күнделікті есеп беру отырыстарынан ерекше, еркін форматта өтті.  Пікірталастар мен ұсыныстарға толы келесі кеңес отырысы тамыз айына жоспарлануда.

Дәурен ТІЛЕУХАН.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы