ЖЕТІСАЙЛЫҚ ЖАС ӨНЕРТАПҚЫШ

367 көрілім

Түркістан облысының оқушылары жаңа технологияларды тиімді пайдалана отырып, жаңалық жасаудан үздік нәтижелерге қол жеткізіп келеді. Жетісай ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты “Абай атындағы №4 жалпы орта мектебі мектеп-гимназиясы” КММ-де ерекше қабілетті Темірханов Нұрдәулет есімді бала оқиды.

Атасы Утемисов Темирхан трактор айдап, егіншілікпен айналысқан қарапайым еңбек адамы. Әкесі Қайрат болса, көз ашқалы көлік жөндеуді кәсіп етіп келеді. Атасы мен әкесінің еңбекқорлығын көріп өскен 9 жасар Нұрдәулеттің де әрнәрседен хабары бар. Әсіресе, темір-терсекті, техникалық құрал-сайманды шашып, онысын қайта жинауға жаны құмар 9 жасар баланың сабақтан кейінгі “жұмысы” осы!

Ес білгелі әлденені көріп, шұқылап, қарап жүрмейтін қызығушылығын тұңғыш рет сынып жетекшісі Орынша апайы 5 сынып оқып жүрген кезінде байқапты. Сөйтіп директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сарыбаева Алмагүлге келіп, Нұрдәулеттің ерекше қабілетін байқағандығын айтады. “Бұлақ көрсең, көзін аш” демекші, Алмагүл Сарыбаева Нұрдәулетті тұңғыш рет 5-7 cыныптар арасында өткен мектепішілік “Жігіт сұлтаны – 2022” байқауына қатыстырып, танытқан болатын. Нұрдәулет қазіргі таңда ойын рөлі, жарық шығарғыш, дыбыс зорайтқыш құралдарын құрастырып жүр. Қиялында “пісіріп” жатқан құнды дүниелері көп-ақ. Алдағы уақытта ол “ақылды” дыбыс зорайтқыш, радио, магнитафон құрастырып көрмек.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы