Түркістан қаласында да кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселесі бойынша кездесу өтті

184 көрілім

Бүгін Түркістан қаласының прокуратурасы мен Түркістан облысының кәсіпкерлер палатасы «Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және оларға мемлекеттік қолдау көрсетудің өзекті мәселелері» тақырыбында бірлескен кездесу ұйымдастырды. Кездесуге уәкілетті мемлекеттік органдардың басшыларымен қатар қаланың бизнес өкілдері шақырылып, 30 жуық кәсіпкер қатысты.
Кездесуде прокуратура мен кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлік субъектілердің құқықтарын қорғау бағытында атқарған жұмыстары, жергілікті атқарушы органдардың бизнеске қолдау көрсетудегі өзекті мәселелері талқыланды.
Қала прокуроры Жаннұр Ахметбек кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау – прокуратура қызметіндегі маңызды бағыт екенін, бизнестің дамуы халықтың әл-ауқатын жақсартып, жұмыссыздықты азайтумен бірге қылмыстық ахуал мен құқық тәртібіне де оң ықпал ететінін атап өтті.
Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың бастамасымен елімізде жүргізіліп жатқан құқықтық реформалар аясында прокурордың бизнесті қолдаудағы рөлін күшейтуге ерекше мән беріліп отырғаны, оның ішінде 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты жолдауына сәйкес енді кәсіпкерлердің шағымдары бойынша прокурорлар мемлекеттік органдарда тікелей тексеру жүргізу мүмкіндігіне ие болғаны баяндалды.
Прокуратураның мәліметінше бұл бағытта жұмыс кәсіпкерлер палатасымен тығыз ынтымақтастықта атқарылады және Түркістанға облыс орталығы мәртебесі берілгелі 4 жылда прокуратура 6 мыңға жуық кәсіпкердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаған.

Мысалы, қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында өрескел заң бұзушылықтар анықталған. Дәлірек, 11 кәсіпкер заңсыз әкімшілік жауаптылыққа тартылса, 8 кәсіпкерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беруден негізсіз бас тартылған, ал 6 кәсіпкердің өтінішін қарау созбалаңға салынған. Прокуратура ұсынуы негізінде Басқарманың 3 қызметкері әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 5 қызметкер, оның ішінде Басқарма басшысының орынбасары мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтар жасағаны үшін лауазымдарынан босатылған.
Облыстық әкімшілік полиция басқармасымен 4 800 кәсіпкерге салынған 103 млн. теңге мөлшерде айыппұлдардың күші жойылған, себебі мәжбүрлеп өндіру мерзімдері өтіп кеткеніне қарамастан, олар өндірісте негізсіз қысқартылмай тұрған.
Ал тұрмыстық қатты қалдықтарды тасымалдаушы «Түркістан Жарық Тазалық» ЖШС 844 кәсіпкерлік субъектіден төлемді негізсіз жоғары тарифте алып келгені анықталып, артық төленген 8 млн. астам қаржы кәсіпкерлерге қайта есептеліп, қайтарылған.
Кездесу барысында қалалық бизнесті қолдау және туризм бөлімі мен мемлекеттік кірістер басқармасының басшылары есеп берді, сондай-ақ кәсіпкерлер көтерген бірқатар проблемалық мәселелер (индустриялық аймақтағы инфрақұрылымның жай-күйі, электр энергиясы тарифінің бағасы, коммерциялық мақсаттағы жерлердің сауда-саттыққа шығарылмауы, кәсіпкерлерге несие беру және салық мәселелері) талқыланып, жауапты лауазымды тұлғаларға тапсырмалар берілді.

Құқықтық реттеудің әдісі – құқықтың қоғамдық қатынастарға нормативтік әсер етуін қамтамасыз ететін арнайы құралдар мен тәсілдердің жүйесі, олар қоғамдық қатынастардың қатысушыларының құқықтары мен міндеттерін анықтау арқылы осылардың әрекет ету ережелерін белгілейді. Басқаша айтқанда, құқықтық реттеудің әдісі – бұл белгілі қатынастардың қатысушыларынан мемлекет талап ететін әрекеттілікті қамтамасыз ететін құралдар мен тәсілдердің жүйесі.

Кәсіпкерлік құқығының әдісіне келетін болсақ, оның өзіне тән ерекшелігі бар. Кәсіпкерлік қатынастар жоғарыда айтып кеткендей бірнеше құқық салаларының нормаларымен реттеледі (азаматтық, қаржылық, еңбек, жер, банктік, салықтық және өзге де құқық салаларының), осыған байланысты нақты құралдар мен тәсілдер туралы айту мүмкін емес. Жалпы құқық теориясында орын алған императивтік және диспозитивтік әдістер кәсіпкерлік қатынастардың реттелуін толық қамтамасыз етеді. Сонымен, кәсіпкерлік қатынастарды құқықтық реттеу әдісінің негізінде әдеттегі рұқсат беру, талап ету және тыйым салу тәсілдері жатады.

Кәсіпкерлік құқығының принциптері оның негізгі бастаулары ретінде шаруашылық қызметті реттеуге бағытталған барлық құқықтық нормалардың жиынтығын қамтиды. Оларға жататындар: кәсіпкерлік субъектілерінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде екіжақты қызығушылыққа көздеуге бағыттау принципі; меншік нысанына, қызмет түріне, өндіріс көлеміне және өзге де белгілерге қарамастан кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің теңдігін сақтау принципі; экономикалық бостандықты және кәсіпкерлік әрекеттілікті қолдау принципі; адал бәсекелестікті қолдау және монополизмнен қорғау принципі; кәсіпкерлердің мотивациясын қоғамға қажетті шаруашылық нәтижелерге жетуге бағыттайтын экономикалық, құқықтық, ұйымдық-әкімшілік және саяси механизмдерді пайдалана отырып кәсіпкерлік қатынастарды мемлекеттік реттеуде кешенді шаралар қолдану принципі; заңдылық принципі (құқықтық мемлекет құруды қамтитын негізгі принцип болғандықтан міндетті түрде қоғамдағы барлық қатынастарға қолданады).

Құқықтың қайнар көзі – бұл құқықтың сыртқы сипатын білдіретін нысана. Қазақстандық құқық континентальдық құқықтық жүйеге жатады, сондықтан оның негізгі қайнар көзі болып нормативтік құқықтық акт табылады. Нормативтік құқықтық акт құқықтық нормаларды бекітуге, өзгертуге немесе олардың күшін жоюға арналған. Кәсіпкерлік құқықтың негізгі қайнар көздері болып кәсіпкерлік саласында қатынастарды реттейтін нормалар табылады. Оларға жататындар: Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасы, халықаралық шарттар. Кәсіпкерлік қатынастарды реттеу үшін, егер заңда тиісті құқықтық нормалар болмаған жағдайда, қосымша құрал ретінде іскерлік айналым әдеттері қолданылуы мүмкін. Кәсіпкерлік құқықтың тұжырымдамасы ХХ ғ. басында пайда болған еді. Сол кездегі тұжырымдама совет одағының заңгер-ғылымдарының ойын талқылаған болатын. Мысалы,  А.Гойбарх айтқандай, азаматтық құқық – әрқашанда құқықтың бөлігі, ол халық құқығын ұстанған. Егерде жеке құқық пен жұрттын құқығы арасындағы шекра жоғалып, яғни үзіліп кетсе, онда азаматтық құқық жоғалып кететін еді, сондықтан оның орнына шаруашылық  құқық ие болатын еді. П.И. Стучканың  түсінігі бойынша, азаматтық құқық – өндіріс пен айырбас арасындағы қатынас деп түсінеді.Әрі ол ХХ ғ. 20 жылдағы «Екі секторлық құқық теориясын» шығарған болатын ; онда әлеуметтік ұйымдарға әкімшілік – шаруашылық құқығын, жеке тұлғаларға азаматтық құқығын ескерілген. Бірақ көпшілік өркениет – ғылымдарының тұжырымынша, ол теория қате болып саналды. ХХ ғ –ң 30 ж. басында бірыңғай шаруашылық құқық пен азаматтық құқық тұжырымдамасы ғылыми тәртіп негізінде қарастырылды.Шаруашылық қ-қықтың пайда болуы совет экономикасының аралас мінезімен байланысты. Шаруашылық құқық арасындағы мәселелерді  зерттеген құқықтанушылар жаңа экономикалық жағдайларда туған көпшілік және жеке құқық арасындағы  ымыраны талдауды көздейді. ХХ ғ –ң  50 жылдарында шаруашылық құқық тұжырымдамасы туралы пікір – сайыста қайта қарады. Шаруашылық  құқықтануда әр түрлі саладағы әлеуметтік құқықтарын реттеуді қарастырады.Әр түрлі отырыстарда совет  құқықтанушылары шаруашылық  кодексті қабылдау ұсынысты қарастырды. ХХ ғ-ң 90 жылдарында  Ресейде жоспарлы  экономикадан нарықтық экономикаға, басқа экономикадан  тағы басқаға қөшу жүйесі басталды. Сондықтан бұрын тұжырымдамаға өзгеріс еңгізу керек болды. Бүгінгі уақытта әрбір саланың құқықтарыңың нормасы бар, ол мемлекеттің саяси- экономикасымен тығыз байланысты. Соның ішінде саясатты анықтайтын норма Ресей құқығының екі саласымен байланысты, ол – әкімшілік және азаматтық. Әкімшілік құқық , қызмет ету мен қатынасты басқаруды реттейді.Сондықтан мұндай қатынас «тігінен» тұрғызылады. Ал азаматтық құқық  мүліктік қатынасты реттейді, сондықтан оларды «көлденен » тұрғызады. Осы салалардың әрқайсысы шаруашылық құқықты реттейді. Кәсіпкерлік құқық ойдағыдай ғылыми – методологиялық жүйелер қолданылады. Азаматтық құқыққа қарағанда кәсіпкерлік құқық бірыңғай, шоғырландырылған құқықтық акт болып танылады. Кәсіпкерлік құқықтың ғылыми тұжырымдамасы ақталуына қарай келеселерімен бөлінеді. Нарықтық шаруашылық жүйесі мен осы жүйені объективті түрде реттеу. Кәсіпкерлік құқық ғылымын кіріспенің методологиялық және ғылыми – теориялық жүйесін анықтау арқылы жүзеге асырылады. Біздің көз қарасымыз бойынша кәсіпкерлік құқықты келесі себебтер бойынша бөліп қарастырамыз. Кәсіпкерлік саланың анықтамасы, сонымен бірге  ҚР–ғы  азаматтық кодекспен белгіленген кәсіпкерлік құқықтың негізгі принциптері. Азаматтық кодекстен алшақ орналасқан нормативтік акт, олар арнайы кәсіпкерлермен мүлікті қатынас арасындағы реттеуді бақылау.

В Туркестане прошла встреча по вопросам
защиты прав предпринимателей

Сегодня прокуратурой города Туркестан совместно с Палатой предпринимателей Туркестанской области проведена встреча на тему «Актуальные вопросы защиты прав предпринимателей и оказания им государственной поддержки». На встречу наряду с руководителями уполномоченных государственных органов были приглашены представители бизнеса, всего приняли участие около 30 предпринимателей.
На встрече обсуждены результаты работы прокуратуры города и Палаты предпринимателей по защите прав субъектов предпринимательства, а также актуальные вопросы поддержки бизнеса местными исполнительными органами.
Прокурор города Жаннұр Ахметбек отметил, что защита прав предпринимателей является наиболее важным направлением деятельности прокуратуры, поскольку развитие бизнеса наряду с улучшением благосостояния населения и снижением безработицы положительно влияет на криминогенную ситуацию и правопорядок. В рамках проводимых по инициативе Главы государства Токаева К.К. правовых реформ в стране придается важное значение усилению роли прокурора в защите и поддержке бизнеса, в том числе в соответствии с посланием «Казахстан в новой реальности: время действий» от 1 сентября 2020 года теперь прокуроры получили возможность напрямую проводить проверки в государственных органах по жалобам предпринимателей.
По данным прокуратуры работа в этом направлении проводится в тесном сотрудничестве с Палатой предпринимателей и за 4 года с момента обретения Туркестаном статуса областного центра прокуратурой защищены права и интересы около 6 тысяч предпринимателей.
К примеру, в городском управлении санитарно-эпидемиологического контроля выявлены грубые нарушения законности, выразившиеся в незаконном привлечении к административной ответственности 11 предпринимателей, необоснованном отказе в выдаче санитарно-эпидемиологического заключения 8 предпринимателям и волоките рассмотрения обращений 6 предпринимателей. По представлению прокуратуры 3 сотрудника данного управления привлечены к административной ответственности, 5 сотрудников, в том числе заместитель руководителя Управления освобождены от занимаемых должностей за совершение проступков, дискредитирующих государственную службу.
Отменены административные штрафы Управления административной полиции области в отношении 4848 предпринимателей на сумму свыше 103 млн. тенге, которые несмотря на истечение сроков направления на принудительное взыскание, безосновательно находились в производстве.
В связи с выявленными фактами необоснованного завышения тарифа со стороны перевозчика твердых бытовых отходов ТОО «Түркістан Жарық Тазалық» 844 субъектам предпринимательства перерасчитаны переплаченные ими более 8 млн. тенге.
В ходе встречи заслушаны отчеты руководителей городского отдела поддержки бизнеса и туризма, управления государственных доходов, а также обсужден ряд проблемных вопросов, поднятых предпринимателями (состояние инфраструктуры и тарифы на электроэнергию в индустриальной зоне, невыставление на торги земельных участков под коммерческие цели, вопросы кредитования и налогооблажения), даны поручения ответственным должностным лицам.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы