“ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КЕРУЕНІ” БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

1  302 көрілім

Түркістан қаласының Конгресс-холл ғимаратында “Қайырымдылық керуені” байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Шара байқауға қатысушылардың өмірбаяндары бейнеленген бейнероликпен бастау алды. Бұл байқау елімізде төртінші рет өтіп, ол арқылы батыл, қамқор әрі мейірімді жандарды анықтап келеді. Жиын барысында “Асар”, “Туған жер”, “Батыл жүрек”, “Мейірім жолында”, “Қайырымдылық тарихы”, “Бала жүрегі”, “Жануарға мейірім” секілді жеті номинация бойынша медальмен және алғыс хатпен, сыйлықпен марапатталды. Шараға Н.Назарбаев Қорының өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, еліміздің мәдениет қайраткерлері және түркістандықтар қатысты.

“Түркістан ұлтымыздың өшпес рухани құндылықтарын 1500 жылдан астам уақыт бойы сақтап келе жатқан өлке. “Қайырымдылық керуені” байқауы ақтық сайысының дәл осы жерде өткізілуі тегін емес. Себебі біздің дәстүрлі байқауымыз адамгершілікті, мейірімділікті ұлықтайды. Жыл сайын өтіп жатқан бұл байқау еліміздің түкпір-түкпірінен 1000-нан астам қайырымды әрі батыл жандарды анықтайды. Былтыр байқауға 1033 өтінім келіп түсті”, деді байқау жеңімпаздарын марапаттау барысында Нұрсұлтан Назарбаев Қорының атқарушы директорының орынбасары Әлкей Марғұланұлы.

Номинацияларды тапсыру барысында I дәрежелі медальмен “Асар” номинациясы Жамбыл облысынан келген Анар Бекскұлтановаға берілді. Екі қолының жоқтығына қарамастан, өзінің тігін цехын ашқан. Қол өнер, кесте тігу, көрпе жасау секілді өнерлерді аяқтарының көмегімен шебер жасайды. Дәл осындай дәрежеде “Туған жер” номинациясын Талдықорғандық Елдос Баялышбаев ие болды. Өзі жүріс арбасының көмекгімен жүрсе де, бүгінде мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек беріп, “Мүгедектерді спорттық-оңалту орталығы” қоғамдық бірлестігін ашқан. 4 жылдан бері 1400-ден астам адам оңалту курсынан өткен.

“Батыл жүрек” номинациясында Өскенмен қаласынан келген Артем Боробиков өзінің батылдығымен жеңіске ие болды. Ол аса ерлік көрсетіп, Ертіс өзеніне құлап кеткен 60 жастағы әйел адамды құтқарып қалған. Өзеннің ағысы өте қатты болған. Сонымен қатар, “Мейірім жолында” номинациясымен Ақмола облысының тумасы Амангелді Қапанов ” Болашақ” мүгедектер қоғамдық қорын ашқан. Өзі қайырымдылықпен айналысады. Мейірімді жан өзінің мүгедіктігіне қарамастан екі баланы асырап алып, мұқтаж жандарға мүгедекттерге арналған арбаларын берген.

“Қайырымдылық тарихы” номинациясымен Мөлдір Анарбаева марапатталды. Ол өзінің жазбаларында және Jambyl-TV облыстық телеарналарда өмірде кездесетін түрлі қиындықтарға қарамастан, жетістікке жетіп келе жатқан замандастар жайында баяндап келеді. Ол аудандағы қайғылы оқиғалар кезінде зардап шеккендер үшін 6 млн теңге жинаған және Тараз қаласындағы жетім балаларға пәтер сыйлаған. Cойдай-ақ, “Бала жүрегі” номинациясында Павлодарлық Башмачное ауылынан келген 10 жасар Саян Рахманғұлов марапатталды. Өзі кішкентай болсада жоғалып кетіп, арыққа құлаған Аруна есімді қызды судан шығарып алып, жасанды тыныс беріп құтқарып қалған.

“Жануарға мейірім” номинациясы “Ақтөс Тараз” иесі жоқ жануарларды қорғау қорына” берілді. Олар 10 жылдан бері жұмыс жасайды. Қазір 800-ден аса жануарға мейірімділік көрсетіп, асырауда. Оларға жылы орындар, үйшіктер орнатылған екен.

Шапағат ҒАЙБУЛЛА.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы