ТҮРКІСТАНДА “ЕҢБЕГІ ЖАНҒАН АРУЛАР” ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР ФОРУМЫ БОЛЫП ӨТТІ

1  074 көрілім

Бүгін Түркістан қаласындағы “Top Tobe Grand Hall” мейрамханасының мәжіліс залында Түркістан облысы әкімшілігінің қолдауымен және Қазақстанның Іскер әйелдер қауымдастығының ұйымдастыруымен “Еңбегі жанған арулар” Іскер әйелдер форумы болып өтті. Шараға Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығының облыстық филиалдарының төрайымдары, Шымкент қаласы іскер әйелдер қауымдастықтарының мүшелері мен “Жас қанаттар” құрамы, облыс әкімдігі, мемлекеттік мекемелер, кәсіпкерлерлер, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары қатысты.

Жиын кіре берістегі ұлттық киімдер мен іскер әйелдердің фото көрмесінен бастау алды. Іс-шарада Түркістан облыстық іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы, облыстық мәслихат депутаты Инара Намазбаева модераторлық етті. Сонымен қатар, Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығының Президенті, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі Раушан Сарсембаева сөз алып, шараның мақсатын түсіндірді.

Форумның мақсаты Қазақстанда жұмыс істейтін әйелдердің мәртебесін көтеру, жұмыспен қамту және кәсіпкерлік саласын дамыту саясатын іске асыру секілді міндеттерді көздейді. Жиын барысында “Кәсіпкер әйелдердің Қазақстанның тұрақты дамуын қалыптастырудағы рөлі”, “Қоғамды трансформациялаудағы азаматтық сектордың рөлі және референдумға байланысты”, “Түркістан облысы және Шымкент қаласы дамуындағы іскер әйелдер қауымдастығының рөлі” деп аталатын сессия отырыстары өтті.

Шара соңында іскер әйелдер “ENBEGI JANGAN ARYLAR” медальдарымен және алғысхаттармен салтанатты түрде марапатталды.

Шапағат ҒАЙБУЛЛА.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы