ТҰРҒЫНДАР ҰСЫНЫСТАРЫ МЕН ШАҒЫМДАРЫН ЖЕТКІЗДІ

899 көрілім

Бүгін Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараев қоғамдық қабылдау өткізіп, тұрғындардың арыз-шағымдары мен талап-тілектерін тыңдады. Қоғамдық қабылдауға аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары мен қала, ауылдық округ әкімдері қатысты.

Жеке қабылдауға келген Ленгір қаласының тұрғыны Н. Алматова өзі әзірлеген жобасы бойынша грант алғысы келетінін айтса, Зағиптар қоғамының кәсіпорын директоры С. Какишев кәсіпорында 25-ке жуық мүмкіндігі шектеулі азамат жұмыс жасайтынын, бүгінде кең ғимарат қажет екендігін айтып көмек сұрады.

Киелітас ауылдық округі тұрғыны И. Абдуллаев, аудан орталығының тұрғыны Н. Басарова жер мәселесі жайлы сауалдарын жолдады. Аудан басшысы салалық бөлімге тапсырма жүктеп, айтылған мәселелер бақылауында болатынын айтып өтті.

Жиын барысында Ленгір қаласының тұрғыны О. Асанов «Төлеби ауданы энциклопедиясы» кітабының ғылыми-көркем әдебиет деуге келмейді деген ойын білдірді. Бұл бойынша жауапты бөлім зерделеу жұмыстарын жүргізіп, нәтижесін хабарлайтын болады.

Б. Тасболатов Біркөлік елді мекеніндегі түнгі жарық, жол мәселелерін көтерсе, А. Пралиев Нысанбек елді мекеніндегі жол, коммуналдық мәселелер жөнінде жеткізді. Ленгір қаласының тұрғындары М. Түгелова, Ғ. Үйсінбаев Самал көшесіндегі жол, электр қуатының әлсіздігі жөнінде шағымданды. Кездесуде Жоғарғы Ақсу ауылдық тұрғыны С. Жақсыбеков ұлттық музыкалық аспаптар фабрикасын ашу мақсатымен жүргендігін айтты. Төлеген Тұртайұлы азаматтардың арыз-шағымдарын, ұсыныстарын жеке-жеке тыңдап, заң аясында кеңестер берді. Көтерілген барлық мәселелер жеке бақылауында болатынын айтып, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы