МӘСЕЛЕЛЕР ОҢ ШЕШІМІН ТАБУДА

1  533 көрілім

«Nur Otan» партиясы қалалық филиалында бекітілген кестеге сәйкес, осы аптада қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Марат Байтугелов пен қалалық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімше басшысының орынбасары Бағлан Керимбеков қала тұрғындарының өтініштері бойынша қоғамдық қабылдау өткізді.

Қоғамдық қабылдауды қалалық партия филиалының консультанты Әнуарбек Исабеков жүргізіп отырды. Алғашқы қоғамдық қабылдауға келген екі азаматшаның көтерген негізгі мәселелері қазіргі таңда карантин талаптарына байланысты түсіндірме жұмыстары және оларды бұзған жандарға айыппұл төлеу қалай жүзеге асырылып жатқанын сұрады.

Ал, Бағлан Есенбекұлына келген қала тұрғыны Мадина Алипова жүктілік пен босануға байланысты құжаттарды қалай дайындауға, егер жұмыс жасайтын болса қандай құжаттар тапсыратынын, Мамлакат Юсупов өзінің зейнетақасының қанша көлемде артқанын, Елена Казначеева 1 жасқа дейінгі төленетін жәрдемақы қай уақытқа дейін берілетінін сұрады. Жоғарыда аталған азаматтар қала тұрғындарының көтерген мәселелерін тыңдап, оларға заң аясында өздерінің кеңесін беріп, шешу жолдарын қарастырды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы