ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

3  298 көрілім

Ардақты ағайын, құрметті жерлестер! Шуақты күні мен маужыраған түні теңескен Ұлы далаға нұрын шашып, жерге жылу, жанымызға жарқын үміт беретін, ырыс пен берекенің, ризық пен несібенің бастауы болған Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі құтты болсын! Алаңдарымызға боз үйлер тігіліп, дастарқанымызға ақ толатын, елге мерей, жұртқа мейір сыйлайтын бұл мерекені халқымыз қашанда еңсесі биік елдіктің,іргесі мығым бірліктің, тұтастық пен ынтымақтың салтанаты санаған. Наурыз – оң өз­герістердің, келер жаңалықтардың жаршысы. Табиғатпен үндес бұл күн әр шаңыраққа шаттық, әр адамның жүрегіне мейірім сыйлайды, қоғамды игілікті іске бастайды.

Сондықтан да бұл күні адамдар бұлақтың көзін ашып, тал еккен, көмекке мұқтаж адамдарға жәрдемдескен. Бүгінде Наурыз көпұлтты халқымыздың сүйікті мейрамы, бірлік пен ынтымақтың нышаны деуге болады. Адамзатқа ортақ құндылықтар мен тіршіліктің заңына негізделген, дін мен ұлтқа бөлінуді білмейтін бұл мереке бар халықты біте қайнастырған, шынайы жалпы халықтық қуаныш. Расында бұл күні барша жұрт өкпе мен ренішті ұмытып, ағайынмен табысады. Бір-біріне бақыт пен береке тілеп, амандық айтысады. Хал­қымызды осы пейілінен айырмасын. Наурыз жылдан жылға әр әулеттегі берекеге демеу, ынтымаққа тірек бола берсін.

Ұлыстың ұлы күні барлық тілектеріңіз қабыл болып, жерімізде тыныштық, елімізде молшылық болғай! Ақ мол болсын, құт қонсын, Қыдыр бақ дарысын!

Батыр аналар:

Ырыс ТАШМЕТОВА, Рымкүл ШӘКІБАСОВА, Оразкүл ЕСЕНОВА, Әсия БЕКТЕМБАЕВА, Қанымкүл АХМЕТОВА, Күлсін ЕРДЕНОВА, Камила ЕРДЕНОВА, Ұлтусын ЖЕКСЕНБАЕВА, Кенжеш МАҚҰЛБЕКОВА, Таня САУРАНБАЕВА, Алтынкүл ТӘУІРБАЕВА, Ділдакүл ТҰРСЫНБАЕВА, Үрзада ТАПАЕВА, Қарлығаш СЕЙТЖАПБАРОВА.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы